Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Құрылыс қарқыны

c 10:29, 18/06/2018 c 740

0:00 / 0:00

Бөрлі ауданының орталығында құны бір млн Ақш доллары болатын сұйық азот өндіретін зауыттың құрылысы жүріп жатыр. Аталмыш зауыттың құрылысы өткен 2016 жылдың желтоқсан айында басталып, биылғы жылдың тамыз айында аяқталады деп күтіліп отыр. Бұл өндіріс ошағы 9 адамды жұмыспен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, Ақсай қаласында "Смарт сити" бағдарламасының аясында Ішкі істер бөлімінің "шұғыл басқару орталығының" құрылысы басталыпты.

Биылғы жылы Бөрлі ауданының орталығы Ақсай қаласында бірнеше әлеуметтік нысанмен сұйық азот өндіретін зауыттың құрылысы басталған. Аталмыш зауыттың іргетасы өткен 2016 жылдың желтоқсанында қаланып, биылғы жылдың тамызда зауыт пайдалануға берілмек. Өндіріс ошағы іске қосылған тұста, бір тәулікте 20 тонна өнім өндіре алатын болады деп жоспарлануда. Жобаның жалпы құны 1 млн АҚШ долларға  деп бағаланған.

Биылғы жылдың маусым айынан бастап Ақсай қаласына қарасты 4-ші және 5-ші шағын аудандарын жылу мен ыстық және салқын су жүйесі ауыстырылып жатыр. Құбырлардың жалпы ұзындығы 32 шақырымды құрайды. Жобаның жалпы құны 576 млн теңге. Аталмыш су құбырларының жөндеу жұмыстары қыркүйек айында аяқталмақ. Қазіргі таңда, 75 адам жұмыспен қамтылыпты.

Облыс басшысы Бөрлі ауданына жасаған жұмыс сапары барысында Ақсай қаласындағы ішкі істер бөлімінің "Шұғыл басқару орталығының құрылысымен танысты. Бұл жоба смарт сити бағдарламасының аясында іске асып жатыр. Жаңа ғимарат 3 қабатты болады. Келешектегі "шұғыл басқару орталығы" құқық қорғаушылардың жұмысына қажетті барлық дерлік құралдармен жабдықталатын болады.

Ақсай қаласында құрылысы жүріп жатқан әлеуметтік нысандардың қатарында 5 қабатты студенттерге арналған жатақханасы да бар. Бұл нысанның құрылысы өткен жылы басталып, биылғы жылы студент жастардың игілігіне берілмек. Сондай-ақ, шаһардың солтүстігінде 240 орындық бала-бақшаның құрылысы қарқынды жүріп жатыр.

Бұл, Бөрлі ауданына қарасты Пугачев ауылдық округі. Бұл жердегі кәсіпкер мал ұстап, кәсібін дөңгелентіп, сүт өнімдерін өндіретін және қайта өнімдеу ісі үшін сүт фермасының құрылысын бастапты. Бұл ферманың жалпы құны 2 млрд 500 теңгеге бағаланып отыр. Қазіргі таңда, сүт фермасының құрылысы қарқынды түрде жүріп жатыр. Кәсіпкер биылғы жылдың қараша айларында сүт өнімдерін өндіретін кәсіпорынын іске қосқысы келеді.

Ал, Бөрлі ауданына қарасты Бөрлі ауылында дене шынықтыру сауықтыру кешенінің құрылысы іске асып жатыр. Кешеннің құрылысы өткен жылдың тамыз айында басталған.

Бөрлі ауданында халықтың игілігі үшін атқарылып жатқан игі қатарында Ақсай-Жымпиты тас жолы бар. Бұл тас жолдың жөндеу жұмыстары өткен жылдың маусым айында басталған болатын. Ақсай мен Жымпитыны жалғайтын тас жолды екі мердігер компания қақ бөліп, биылғы жылы мердігер компания 6,6 шақырымды, екінші мердігер компания 6,9 шақырымды жөндемек.

 

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.