Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Көлеңкеде тапқан пайда

c 08:00, 01/07/2020 c 432

0:00 / 0:00

Қазақстан  көлеңкелі экономика деңгейін төмендету үшін қандай шара қолданып жатыр? Бұл сұрақ бүгін өткен үкіметтің онлайн отырысында талықланды. Қаржы министрі міндеті атқарушы Берік Шолпанқұлов көлеңкелі экономиканы азайту үшін енгізілген құралдар жайында баяндады.Оның айтуныша, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық қосылған құн салығын төлеушілер «Электрондық шот-фактуралар» міндетті көшірмесіне ауыстырылды және бүгінде 440 мыңнан астам пайдаланушы тіркеліп, 433 млн электрондық шот-фактура жазған. «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесін пайдаланушылардан қосымша 290,2 млрд теңге түсті. Ал ағымдағы  жылы шамамен қосымша 140 млрд теңге түсім күтілуде.

Көлеңкедегі пайданы анықтау  мәселесі үкіметтің күн тәртібінен түскен емес. Кейбір мәліметке сүйенсек, Қазақстанда ондаған трлн теңге қаржы көлеңкеде қалып жатыр. Экономкиасы дамыған, әлемдегі бай, ірі ел АҚШ-та көлеңкелі экономиканың үлесі 7 пайызды құрайды. Ал бізде бұл көрсеткіш 23 пайыз.   Қаржы министрінің міндетін атқарушы Берік Шолпанқұлов көлеңкелі экономиканы азайту үшін бірқатар шараларды қолдандық деп отыр.

Көлеңкелі бизнес салықтан қашу үшін тиімді. Ксіпорындар тіркелмей жұмысын жүргізе береді. Көптеген қазақстандық жұмысшылардың жалақысын картаға аудармай қолына береді. Кедендегі контарфакті деректері тағы бар. Кедендегі заңсыздықтар үшін қазынаға 300 млрд теңге түспей жатады. Экономикаға ақша ауадай қажет болса, көлеңкелі экономикада қолма-қол ақшаның басты рөл ойнайтыны сөзсіз. Бұл орайда  Шолпақұлов тауарларды таңбалау аясын кеңейтеміз деп отыр. Өткен жылы тері бұйымдарын таңбалау нәтижесінде  кірістер 2 есеге артып, ағымдағы жылы1 млрд теңгеге дейін түсім күтілуде.

Биылдан бастап онлайн бақылау-касса машиналары міндетті түрде қолданылуы тиіс. Бүгінгі таңда бақылау-касса машиналарын пайдаланушылардың жалпы саны 728 мыңға жетті. Осылайша 97,5% онлайн бақылау-касса машиналарына көшті. Өз кезегінде Премьер-Министрі Асқар Мамин министрліктерге көлеңкелі экономика деңгейін 20 пайыздан төмендетуді тапсырды.  Ол үшін бизнестің көлеңкеден шығуын экономикалық ынталандыру бойынша жұмысты жалғастыру қажет.

Маминнің айтуынша, халықаралық валюта қорының дерегінше, әлемдегі көлеңкелі экономиканың орташа деңгейі – 27,8 пайыз. 44 елде көлеңкелі экономиканың деңгейі 20 пайыздан төмен, Қазақстан да осындай көрсеткішке ұмтылуы керек.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.