Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қоғамдық  кеңеске  65 млн теңге бөлінеді

c 09:26, 08/01/2021 c 591

0:00 / 0:00

Қоғамдық кеңес мүшелерінің жұмысы енді ақылы болмақ. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тлепов баспасөз маслихаты барысында айтты. 3 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қоғамдық кеңестердің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

Қазір қоғамдық кеңес мүшелерінің рөлі артып отыр.  Мемлекеттік органдардың жұмысын, бюджетін бақылауға қоғамдық кеңес мүшелері қатыстырылуда. Қанай да бір заң жобасын әзірлеуде де қоғамдық кеңес мүшелерінің пікірі назарға алынады. Бұл ашықтықты қамтамасыз ету үшін жасалған шара. Жаңа жылдан бастап қоғамдық кеңестердің қызметін реттейтін  заң күшіне енді. Енді қоғамдық кеңес мүшелерінің жұмысы ақылы болмақ. Ол үшін осы жылы қазынадан 65 миллион теңге қарастырылып отыр. Вице-министр Болат Тлеповтің айтуынша, бір қоғамдық кеңестің бір жылдық шығыны 1 млн 300 мың теңгені құрайды.

Жаңа заң  қоғамдық кеңестердің құзыретін кеңейтуге бағытталған. Қоғамдық кеңес мүшелеріне мемлекеттік сатып алу комиссияларына қатысу құқығы беріліп отыр. Алайда, кеңес мүшелері тек байқаушы рөлін ғана атқарады.

Осылайша қоғамдық мониторинг, қоғамдық сараптама және мемлекеттік органның, квази мемлекеттік сектор субъектісі жетекшісінің есебін тыңдайтын болады. Және кеңес мүшесін сарапшы  ретінде ақылы түрде шақыра алады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.