Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Клиникадағы бұзушылықтар

c 20:46, 09/01/2020 c 561

0:00 / 0:00

2 жасар сәбидің тісін емдейміз деп, ес-түссіз қалдырған  клиникаға  бар-жоғы 5 АЕК айыппұл салынады. Еске сала кетейік, қызының тісіндегі кариесті жою үшін DoctorBro клиникасына жүгінген Анастасия Зеленая енді өліммен күресіп жатқан сәбиіне араша сұрайды. Елордалық дәрігерлер Facebook желісінде шағымданған соң қозғалды деп отыр анасы. Ал бұл жазбаны Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бақылауға алғанды. Бүлдіршін жұқпалы аурулар медициналық мекемесінен екінші ауруханаға ауыстырылғанды. Балақай ендігі 14 –ші тәулік комада жатыр. Дәрігерлер оның өмірімен күресудеміз дейді. Ал  бүгін медициналық қызмет сапасын бақылау комитеті, аталмыш DoctorBro клиникасына тексеру жүргізіп, балаға еш анализ алмастан дәрі егілгенін және бір емес бірнеше дәрі салынғанын хабарлап отыр.

Ендігі 14-і тәулік комада жатқан 2 жасар сәбидің өміріне қауіп төніп тұр. Қыз баланың тісін емдемекші болған  DoctorBro клиникасының дәрігерлері бұзушылықтарға жол бергені мәлім болып отыр. Аталмыш клиникадағы медициналық қызмет сапасына тексеру жүргізген комиссия, баланы ес-түссіз халге түсірген тіс емханасын  жабамыз деп отыр. Тексеру барысында дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды сақтау талаптарының бұзылғандығы анықталды. Дәрілер дұрыс сақталмаған. Аталған клиникада қолданылатын медициналық жабдықтарды тексеру туралы сертификат жоқ. Тіпті, тісін емдетуге әкелген бүлдіршінге алдын-ала тексерусіз дәрі егіп, аяғы осындай келеңсіз жағдайға әкеп отыр.

Лаура Ахметниязова – ҚР ДСМ  медициналық қызмет бойынша бас испекторы  «Анестезиолог-реаниматолог баланы 15 минут бұрын ғана қарап, бірден емге кіріскен. Алайда, дәрігер баланы бір тәулік бұрын қарап, тексеріп, оның амбулаториялық картасымен танысуы керектін. Бірақ бұлай жасалмаған. 15 минутта қарап, еш анализсіз дәріні еккен.»

Комиссия анықтағандай, бүлдіршінге жасалған дәрінің өзі оның жасына сәйкес болмаған. Яғни дәрігерлер препараттағы жас шектеуіне қарамастан оны қолданған.

Тимур Цой - тәуелсіз сарапшы «Осы балаға жасалған перпаратты 4 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды. Кез-келген дәріде жас шектеуі тұрады ғой. Бұл өте маңызды. Аллергия болған жағдайда жүрек соғысы тоқтайды немесе баяулайды. Кез-келген маман сол сәтте жедел шара қолдануы керек.»

Енді тексеру қорытындысы бойынша, анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым беріліп, материалдар Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментіне жолданып отыр. Қазір өмір үшін күресіп жатқан сәбиге қауіп төндірген тіс емдеу клиникасына бар-жоғы 5 АЕК айыппұл салынуы мүмкін.

Сондай-ақ, комиссия мүшелері сот органдарына DoctorBro клиникасының жұмысын тоқтату туралы талап өтініш жолдайтындарын айтады. Себебі мұндай жағдай аталмыш клиникада бұған дейін екі рет орын алған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.