Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

КИІК ЕТІН ӨҢДЕУГЕ СҰРАНЫС ТӨМЕН

c 11:54, 25/11 c 1

0:00 / 0:00

226 мың ақбөкенді сою жоспарланған, ал етіне сұраныс жоқ. Қазақстанда киік етін өңдеу ісі әзірге екі облыста ғана жолға қойылған. Алайда өнімге сұраныстың төмендігі өндірісті кеңейтуге кедергі болып отыр. Бір қызығы, бұған дейін Батыс Қазақстан облысында 226 мың киікті өндірістік мақсатта сою туралы шешім қабылданған еді. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Назгүл Хатепованың айтуынша, қазір киік етін өңдеумен Батыс Қазақстан және Ұлытау облыстарындағы кәсіпорындар айналысады. Былтыр басталған жұмысқа ірі өндіріс орындары тартылған. Олардың қатарында Батыс Қазақстан облысындағы «Кублей» компаниясы да бар. Кәсіпорын киік етінен дайындалған өнімді ішкі нарыққа шығара бастаған. Ал Ұлытау облысында бұл бағытта бір кәсіпорын жұмыс істейді. Вице-министрдің сөзінше, өндіріс көлемін арттыру нарықтағы сұранысқа тікелей байланысты. Әзірге киік етіне деген қызығушылық төмен деңгейде қалып отыр. Айта кетейік, 2023 жылы «Ауыл» партиясының депутаттары киіктердің бір бөлігін ет, тері және мүйізін пайдалану үшін аулауды ұсынған болатын. Кейін киік саны реттелуге жататын жануарлар тізіміне енгізілді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.