Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Карантин талабы орындалмайды

c 10:16, 29/10/2020 c 566

0:00 / 0:00

Күннен күнге ковидтің таралуы өршіп жатыр. Өткен тәулікте елде коронавирус жұқтырғандар саны 148 науқасты құрады. Әсіресе Нұр-Сұлтан қаласы мен Шығыс Қазақстан өңірінде вирус жұқтырғандар көп. Карантин талабы жеңілдетіліп, сауда орындары, театрлар аптаның бес күнінде жұмысын істеп жатыр. Енді ведомствааралық комиссия мешіттерге баратындардың санын арттыруға рұқсат берді. Екінші тоқсанда оқушылардың мектепке баруы да жеңілдетіліп жатыр. Бүгін елордада мобильді топ бизнес нысандарына рейд жүргізіп, санитарлық норманың сақталуын қарап шықты.

Карантиндегі өмір. Маскасыз жүруге, көпшілік жерге баруға тиым салынған. Алайда, бұл шектеулерді елемей жатқандар көп. Той тойланып, ас беріліп жатыр. Мейрамханалар мен түнгі клубтар санитарлық норманы өрескел бұзып отырғандар қатарында. Есігін тарс жауып алып, жүздеген адамды жинап той жасау жалғасуда. Айыппұл да салынып жатыр. Бірақ бір рет ескерту алған түнгі клубтар мен мейрамхана, дәмханалар бұл заң бұзушылықты қайта қайталап отыр дейді полицейлер. Рейд күнде жүргізіледі. Миллиондаған айыппұл салынады. Бірақ заң бұзушылықтар саны да азаяр емес.

Карантин басталғалы яғни наурыз айынан бастап Нұр-Сұлтан қаласында орын алған заң бұзушылықтар бойынша 166 милиион теңгеге айыппұл салынған.

Елордада 9 ірі сауда, ойын -сауық  орталығы бар. Сауда үйлерінде әлеуметтік ара қашықтық сақталып, әр 50 метр сайын санитайзерлер тұруы міндетті. Келушілерді бетпердесіз кіргізбейді. Кіре берісте күзетшілер адамдардың дене қызуын тексеріп отырады. Сауда орындарында жұмыс таңертегі 10 00 –ден кешкі 20 00 дейін жалғасады. Алайда, ірі сауда орталықтары сенбі-жексенбі күні жабылады.

Олег Чегаров  сауда, ойын-сауық орталығының директоры «Біз барлық санитарлық талаптарды сақтап отырмыз. Бұл күнделікті жұмысымызда қалыпқа айналды. Әрине саудагерлер үшін демалыс күндері жұмыс істеген тиімді. Сондықтан қаланың бас санитары бұл өтінішімізді назарға алады деп үміттенеміз»

Өздеріңізге мәлім, сауда орындарына сенбі күні жұмыс істеуге рұқсат беру мәселесі жандануда. Енді кинотеатрлардың жұмысы  басталды. Бұл да адам көп шоғырлатанын жер. Әрине санитарлық талаптар бар. Көрермендер санына шектеу қойылған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.