Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

 «Қандастарға  арналған квота азайды»

c 09:49, 19/01/2021 c 471

0:00 / 0:00

Тарихи отанына оралуды арман еткен қандастарға арналған ковта азайды. Ішкі істер министрлігі бүгінгі өткен брифифнгет мұның себебін түсіндіруге тырысты.  Көші-қон қызметі комитеті төрағасының орынбасары Сабыржан Сейітжановтың айтуынша, жыл сайынғы квота толығымен орындалмайды. Яғни Қазақстанға оралушылар саны азайып отыр. Сол себепті оның көлемі азайтылған.

Тәуелсіздік алған жылдары тарихи отанына оралғандардың қарасы көп болды. Қиырдағы қандастарымыз Қазақстанға толассыз ағылдыСоның арқасында  тұрғылықты халықтың да саны көбейе бастады.1991 жылдан 2020 жылға дейін  шетелден барлығы 313 256 отбасы  елге оралған. Бұл дегеніміз бір миллионнан астам азамат.  Қазақстанда олар оралман мәртебесін алды. Алайда, жылдан жылға қандастарға арналған квота көлемі азайып отыр. Себебі, ата-баба отанына оралуға ниет білдірушілер саны төмендеп кеткен.

Ал, елге оралғандардың ішінде қазақ екенін дәлелдей алмай, әкімшілік кедергілер тап болып жатқандар қаншама. Мұндай жағдай төлқұжатында ұлты жазылмайтын Ауғаныстан елінен келген қандастарымыздың арасына орын алуда. Көші-қон комитеті, құжатта оның ана тілі туралы мәлімет болуы керек. Сол болса, барлық мәселесін шешіп береміз деп сендіреді. Ал Президент қасым-Жомарт Тоқаев осыған дейін «оралман» аталып келген қазақтарды «қандастар» деп айтуды ұсынғанды. "Бұған дейін айтқанымдай, тарихи отанына оралған қазақтарды "оралман" деп атаудан бас тартып, "қандас" терминін пайдаланғанымыз жөн. Жетіатасынбілетінхалыққа "қандас" дегенұғымжарасады", - депжаздыпрезидент Twitter парақшасында.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.