Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Екінші толқын жақындады

c 14:21, 18/11/2020 c 403

0:00 / 0:00

Елде балалар арасында қауіпті індетті жұқтыру өршіп тұр. Өздеріңізге мәлім, пандемия барысында мектептерде кезекші топтар жұмыс істеп жатыр. Ал екінші тоқсан басталғалы кей өңірлерде бастауыш ғана емес 5 сынып оқушыларынан да кезекші топ құралып, оффлайн оқытылуда. Алайда, дәрігерлер екінші тоқсанда елімізде 55 бала коронавирус жұқтырды деген мәліметті алға тартады. Бұл жайында  брифинг барысында санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова айтты. Ал мемлекет басшысы елдегі эпидемиологиялық ахуалға қатысты өткен жиында ковидтің екінші толқыны жақындап қалғанын айтты.

Маусым-шілде айларындағы эпидемиологиялық ахуалдан соң, білгенімізден білмейтініміз көп болды. Қауіпті індеттен емдеу, қорғалу жолдарында үйрендік. Қазақстандықтар сақтық шараларына да көндікті. Дегенмен,соңғы айларда  індетті ұжымдық жұқтыру өршіп тұр. Күн сайынғы статистика да өсіп жатыр. Еліміздің екі бірдей өңірі –Шығыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстан облыстары коронавирус жұқтырғандар саны бойынша қызыл аймаққа кірді. Алматы,Нұр-Сұлтан, Пауладар мен Қостанай өңірлері сары аймақта тұрса, қалған облыстар жасыл аймақта.  Ел Президенті эпидемиолгиялық ахуалға байланысты үкіметке шектеу шараларын ойластыруды тапсырды. Бірақ бизнеске кесірі тимеуі тиіс деді.

Пандемия салдарынан білім беру жүйесі зардап шегуде. Оқушылардың бәрі бірдей мектепке барып оқи алмай отыр. Тек кезекші топтарда бастауыш және бесінші сыныптар оқып жатыр. Алайда, қанша санитарлық норма сақталғанымен оқушылар арасында ковид жұқтыру өршіп тұр. Осыған орай, бірінші тоқсанда ШҚО, СҚО-дағы мектептер карантинге жабылды. Кеше Нұр-Сұлтанда тағы бір мектеп карантинге жабылды. Ал екінші тоқсанның алғашқы күнінде –ақ  онлайн және офлайн оқып жүрген балалар арасында коронавирус жұқтырған 55 жағдай тіркелді.

Дәрігерлердің айтуынша, балалар вирусты тасымалдаушы болып отыр. Себебі балалар коронавирусты жеңіл көтеретіндіктен, үйдегілерге жұғып, үлкендер үшін қауіп төндіріп тұр.

Айжан Есмағамбетова – ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы «Қарағандылық мұғалім Ресейден келген қонақтан коронавирус жұқтырып, мектепке барған. Оқушылар мұғалімнен ауру жұқтырып, олардан отбасы мүшелеріне жұққан. Бұл – балалар ауруды жеңіл өткізгенмен, инфекцияны басқаларға да жұқтыратынын білдіреді. Ал егде жастағы әрі созылмалы ауруы бар адамдар бұл індетті жұқтырған кезде емделуі қиын екенін, тіпті соңы өліммен аяқталған жағдайлар бар екенін білесіздер».

Республика бойынша оқу жылының басынан бері 241 мұғалім коронавирус жұқтырған.

Тергеу жүргізіліп, байланыста болған адамдар анықталуда.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.