Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

eGov.kz пайдалану жеңілдейді

c 13:24, 18/11/2020 c 532

0:00 / 0:00

Цифрланған Қазақстанда автокөліктерді тіркеу жеңілдетіледі. Сондай-ақ, электронды цифрлық қолтаңбаны қоданбай-ақ, азаматтарға eGov.kz порталына биометрия арқылы тіркелуге мүмкіндік беріледі. Бұдан бөлек, жыл соңына дейін 30-ға жуық анықтама түрін алып тастау жоспарланып отыр.Қажет деген мәліметтермен тікелей телефоны арқылы анықтама сұратпай-ақ бөлісе алады. QR-кодты көрсетіп, әлде мессенджер арқылы ұсынатын болады.

Бүгінде мемлекеттік қызметтің 700 түрі халыққа қызмет көресту орталығыда көрсетіледі Орталыққа барып, қажет деген анықтамаңды алып, құжатыңды рәсімдеу жұмыстарын реттейсің. Әрине ол үшін жұмыстан сұранасың, кезекте тұрасың, уақыт кетіресің. Енді цифрландыруды қолға алған ел үкімет азаматтардың уақытын үнемді пайдалану үшін, мұндай қызмет түрлерін алуды едәуір жеңілдетіп жатыр. Цифрлық даму министрі автокөлік сатушылар мен сатып алушылардың жұмысын жеңілдетеміз дейді, Яғни автокөлік тіркеу процесінде сатып алушы көлік сататын адамның шотына ақша аударған кезде, көлік иесі автоматты түрде өзгеріп шыға келеді. Бұл мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына сабылып барып жүрудің қажеттіліг жоқ. Орталыққа жыл сайын 3 миллионнан астам адам жүгінеді екен,соның салдарынан үлкен кезек болып жатады.Тіпті, кезекте тұрғысы келмейтіндер пара беріп, шаруасын тез шешудің жолын да тауып жатыр.

Ал кредитке алынған көліктерді тіркеу бойынша екінші деңгейлі банктермен жұмыс жүргізіліп жатыр.Сондай-ақ, қазақстандықтарға eGov.kz порталына биометрия арқылы тіркелуге мүмкіндік берілмек. Министрдің айтуынша, қарапайым халық үшін eGov.kz порталына көшудің басты қиындығы – электронды цифрлық қолтаңбаны орнату және мобильдік базада тіркелу.

Өз кезегінде премьер-министр, құзырлы органға жаңа жылдан бастап қағаз анықтама алу жойылуы тиіс деген тапсырманы жүктеді.

Жыл соңына дейін 30-ға жуық анықтама түрін алып тастау жоспарланып отыр. Қажет деген мәліметтермен тікелей телефоны арқылы анықтама сұратпай-ақ бөлісе аласың. QR-кодты көрсетіп, әлде мессенджер арқылы ұсынсаң болғаны, шаруа шешілді. Қазір eGov.kz-те қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін 500-ден астам ақпараттық жүйе мен 1 500-ден аса интеграция жұмыс істейді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.