Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Депутаттар талабы

c 18:46, 20/01/2021 c 496

0:00 / 0:00

Зейнетақы жинағының бір бөлігін тұрғын үйге және емделу мақсатында алу мәселесіне қатысты ережені бекіту тым ұзаққа созылып кетті. Парламент Мәжілісінің депутаты Аманжан Жамалов Үкімет басшысына жолдаған сауалында халықтың осы мәселеге қатысты  наразылық білдіріп отырғанын айтты. Оның айтуынша, заңға Президент қол қойғанымен,  ереже әлі күнге кабинеттен кабинетке серуендеп жүр.Ал мәжілісмен Айбек паяевті  Қазақстанда жалақының тым төмендігі қапаландырды. Депутаттың мәліметінше, әлемдегі 56 елдің ішінде ең төменгі жалақы Қазақстанда екен.

Зейнетақы қорындағы жинағының бір бөлігін алуға қатысты ереже әлі бекітілген жоқ. заң қабылданып, Президент қол қойды. Алайда, әзірге осы құзыретті мойынна алған Отбасы банкі есеп-шот ашыңыздар деген хабарламаны таратумен шектелуде. Ал азаматтардан өтініш қабылдау, қордағы тиісті жинағын үй алуға, емделуге аудару мәселесі тежеліп отыр. Мәжілісмен Аманжан Жамалов Үкімет пен Ұлттық банк басышларына жолдаған сауалында бұл ережені қаңтар айының соңына дейін енгізуді талап етті.Себебі, бұны 700 мыңнан астам адам күтіп отыр.

Аманжан Жамалов –ҚР парламент мәжілісінің депутаты -«Алайда осы уақытқа дейін Үкімет тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану ережесін қабылдаған жоқ. Бұл ережені 761 мың азамат күтіп отыр, олардың көбісі тұрғын үйді таңдаған. Бұл құжат әлі күнге кеңселерде «серуендеп жүр.сондай-ақ, көптеген азаматтар бес жыл бойына тұрғын үй сатуға қойылатын шектеудің енгізілуіне наразы. Бұл ретте азаматтардың әдеттегі өмірлік жағдайлары - басқа өңірге, қалаға көшуі, тұрғын үй жағдайларын одан әрі жақсарту ниеті ескерілмейді».

Депутаттың айтуынша, зейнетақы қорындағы жинақтың бір бөлігін алуға қатысты  бір ғана «Ашық НҚА» порталында азаматтар 900-ден астам негативті пікір қалдырған. Ал мәжілісмен Айбек Паяевті елде ажалақының өспей отырғаны алаңдатты.Әлемдегі 56 елдің ішінде ең төменгі жалақы Қазақстанда екен. Бұл рейтингте Нигерия мен Өзбекстанның қатарында тұрмыз.

Қазақстанда ең төменгі еңбекақы  42 500 теңгені құрайды.  Алайда сақтандыру жарналарының өсуіне байланысты нақты жалақы былтырғыдан азайып, 37 мың 400 құрап отыр. Ол аздай, елде азық-түлік бағасы шарықтап кетті. Бүгінде Қазақстан азаматы үшін шартты  азық-түлік себетінің құны 25 280 теңгені құрайды, бұл бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 13,87%-ке артық.Яғни елде ең төменгі жалақы алып отырғандардың жағдайы нашар деген сөз. Депутат Паяев премьер-министрге жолдаған сауалында ең төменгі жалақыны арттыру үшін қандай шаралар қабылданып жатқанын және ең төменгі күнкөріс деңгейін есептеу әдістемесін өзгерту жоспарда бар ма деп сұрады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.