Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Депутаттар талабы

c 09:05, 24/06/2021 c 763

0:00 / 0:00

Мәжіліс депутаты Дәриға Назарбаева халықтың 98 пайызы интернетпен қамтылған деген статистикаға сенбейді. Депутат үкімет басшысына жолдаған сауалында ауылдарды сапалы интерпен қамту мәселесін көтерді. Назарбаеваның айтуынша, 510 ауылда интернеттің жылдамдығы өте төмен. Ал мәжілісмен Айқын Қоңыров үкіметке жеке тұрғын үй құрылысын дамытуға бағытталған "Жер үй" бағдарламасын енгізуді ұсынды. Депутаттың пікірінше, зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану бастамасы халықтың баспанаға қолжетімділігін арттырмады. Керісінше тұрғын үй мәселесі ушығып кетті.

Бүгін парламенттің төменгі палатасы жетінші шақырылымының 1-сессиясын тәмамдады. Бұл мәжілістің соңғы жалпы отырысы. Енді депутаттарды аймақтардағы жұмыстар күтіп тұр. Одан әрі, халыққалаулылары күзге дейін жазғы демалысқа кетеді. Ал демалыстың алдында депутаттардың үкіметке айтар талабы бар. Дариға Назарбаеваны ауылды жерлердегі сапасы төмен интернет мәселесі мазалады. Депутаттың айтуынша 2020 жылы қазақстандықтардың 98 пайызы жоғары жылдамдықтағы интернетке қол жеткізді деген мәлімет күмән тудырады. Үкімет басшысынан ауылдарды сапалы интернетпен қамтамасыз етуді сұрады.

Ал ағымдағы жылы елдегі ауыл мектептерінің 80 пайызын жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамтамасыз ету жоспарланған. Алайда, Назарбаева келтірген деректерге сүйенсек, биыл бұл жетістікке қол жеткізудің өзі мүмкін емес сияқты. Мәжілісмен Айқын Қоңыров қолжетімді баспанамен қамту мәселесін көтерді. Зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану бастамасы аясында біраз адам ақшаны өз кәдесіне жаратқанымен, бұдан  халықтың баспанаға қолжетімділігі артқан жоқ. Керісінше тұрғын үй мәселесі ушығып кетті дейді депутат.

Айқын Қоңыров – ҚР парламент мәжілісінің депутаты «Бұл жобадан банктер мен олардың әріптестері көп пайда көрді. Алайда, қолжетімсіз баспана мәселесі шешілмей қалды. Тұрғын үй мәселесі ушығып кетті. Керісінше инфляцияның үдеуі салдарынан тұрғын үй мен құрылыс материалдарының бағасы шарықтап, салаға жағымсыз әсер етті. Зейнетақы науқаны басталғаннан бері баспана бағасы 8,3 процентке қымбаттады. 2020 жылғы мамырдан 2021 жылғы мамырға дейінгі аралықтағы өсім шамамен 22 процентті құрады»

Өз кезегінде депутат  үкіметке жеке тұрғын үй құрылысын дамытуға бағытталған "Жер үй" бағдарламасын енгізуді ұсынды. Мемлекет кепілдік беретін облигацияларды шығарып, оған БЖЗҚ ақшасын салу керек. Соның есебінен аумақтарды абаттандырып, қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге болады. Осылайша жер телімдерін тездетіп үлестіріп беріп, көптеген қазақстандықтың жеке үй салу туралы арманын ақиқатқа айналдыруға болады дейді депутат.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.