Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Цифрлы елорда

c 19:26, 06/01/2021 c 592

0:00 / 0:00

Ел астанасы-Нұр-Сұлтан қаласында мемлекеттік қызметтер толығымен автоматтандырылған. Бұл жайында қаланың цифрландыру басқармасы басшысының орынбасары Айдос Қолдасов мәлімдеді. Антикор орталығында өткен онлайн брифинг барысында, қаланы цифрландыру мәселесі қозғалған еді.

Цифрланған Нұр-Сұлтан қаласында мемлекеттік қызмет түрлері 100 пайыз автоматтандырылған. Қала тұрығндары кез-келген қызмет түрін автоматты түрле ала алады. Өздеріңізге мәлім, елордада не көп бейнекамера көп. Қаланың қай бұрышына барсаңыз төбеңнен бақылап тұрған камераны көресіз. Үйлердің кіре берісіне де қойылған. Ал экс-әкім Әсет Исекевштің атымен байланысты сергек камерасы, халық аузында «Исекешевтің жүзімдері» деп айтылып кеткен. Көлік жүргізушілер үшін сергек басты жауына айналған. Жол ережесін бұзғандадың әр қимылы бақыланып, айыппұлдар келіп тұрады. Өткен жылдың соңында әкімдік қоғамдық қауіпсіздікті қамту мақсатында, тағы да 300 камера қойды.

Айдос Қолдасов – Нұр-Сұлтан қаласының цифрландыру және мемлекеттік қызмет көрсету  басқармасы басшысының орынбасары «Ендігі қосымша 300 бейнекамера қойылды. Нәтижесінде жол-көлік апаты 32 пайызға, жарақат алу 40 пайызға, кісі өлімі 14 пайызға азайды. Ал жалпы қылмыстар саны 52 пайызға қысқарды»

Ағымдағы жылы тіпті қалада ақылды шлагбаум қойылмақ. Бүгінде қала мектептерінде турникеттер қойылған. Оған әр оқушы смарт картасымен кіреді. Ал баласының мектепке кіріп-шығып жүргені жайында ат-анасына хабарлама түсіп отырады. Бұл картамен  асханада тамақтануға, жолақысын төлеуге де болады. Ал карантин барысында қаланың интернет сапасы нашар екеніне көзіміз жетті. Елорданың шетіндегі жекеменшік сектордағы қашықта оқып жатқан оқушылар интернеттің нашарлығына тап болды. Қаланың цифрландыру басқармасы бұл мәселені де осы жылы шешеміз деген жылы уәдесімен құтылды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.