Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Болашақ құтқарушылар

c 09:33, 14/01/2021 c 603

0:00 / 0:00

Құтқарушылар жетім балалар үйінің тәрбиеленушілерін өз қамқорлығына алды. Төтенше жағдайлар министрлігі «SOS Астана балалар ауылының» тәрбиеленушілеріне төтенше жағдай барысында өзін қалай ұстауды, суда жүзуді, үйретіп, құтқарушылардың жұмысымен жеке таныстырды. Еліміздің бас құтқарушысы Юрий Ильин болашақта бұл балалардың арасынан төтенше жағдайлар саласында қызмет ететін мамандар шығуы мүмкін дейді.

Құтқарушылардың жұмыс барысымен жіті танысқан балалар үшін бұл әсерлі күн болды. Төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын үйрету мақсатында министрлік жетім балалар үйінің  тәрбиеленушілеріне жан-жақты қолдау көрсетуде.  Нұр-Сұлтан қаласының  мамандандырылған өрт сөндіру бөлімдерінде  «SOS Астана балалар ауылының» балалары үшін  экскурсия өтті.Экскурсия барысында балалар өрт сөндіру, авариялық-құтқару техникасымен және жабдықтарымен танысты, өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша командалардың көрсетілімдерін көрді. Еліміздің бас құтқарушысы Юрий Ильин болашақта  бұл жеткіншектердің ішінен төтенше жағдайлар саласының мамандары шығуы мүмкін дейді.

Юрий Ильин – ҚР төтенше жағдайлар министрі «Бұл балаларды төтенше жағдай орын алғанда өзін қалай ұсатауға, суда жүзуге үйретеміз. Болашақта осы жеткіншектердің ішінен құтқарушылар шығуы да мүмкін. Бұл тәрбиелік процесс. Отбасы жоқ балаларды қамқорымызға алып, тәлімгер бола аламыз деп сенемін»

Бұл шара жалғасын табады.  Болашақта құтқарушы мамандығын таңдаған балаларға азаматтық қорғау органдарының оқу орнына түсу де ұсынылады. Бүгінде төтенше жағдайлар министрлігінде маман тапшылығы орын алып отыр. Министр мәселені құтқарушылардың жалақысын көтеру арқылы шешіп жатырмыз дейді.

Юрий Ильин – ҚР төтенше жағдайлар министрі «Бүгінде бос жұмыс орындары бар бізде. Қазір төтенше жағдайлар саласындағы қызметкерлердің жалақысын көтеру мәселесі тұр. Былтыр  қатардағы құрылымның жалақысын өсірдік. Тағы да еңбекақыны көтереміз деп отырмыз».

Тағдырдың тәлкегіне түсіп, толық отбасында өсу мүмкіндігінен айырылған жетім балаларды тәрбиелеп, оларға тәлімгер болуды ұйғарған төтеншеліктердің бұл әрекеті көпке үлгі боларлықтай.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.