Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Білім жүйесіндегі цифрландыру ісі талқылануда

c 11:25, 23/04/2018 c 1531

0:00 / 0:00

Келер оқу жылынан бастап өңіріміздің 220 мектебі кең жолақты ғаламтормен жабдықталмақ. Бұл туралы әкімі "БатысБілімTalks" жобасының бірінші сессиясында хабарлады. Облыс орталығында тұңғыш рет елімізде цифрландыру ісімен айналысып жүрген мамандар мен білім беру саласында еңбектеніп жатқан қызметкерлері бас қосты. Жиынның басты мақсаты: педагог қызметкерлерді кәсіби тұрғыдан дамыту, педагог мамандығының мәртебесін көтеру, цифрлық технологияларды қолдану болып табылады.

Еліміздің аумағында жүзеге асып жатқан "Цифрлы Қазақстан" жобасының алатын орны зор. Бағдарламаның аясында қазақстандықтардың өмірін жақсарту үшін атқарылып жатқан игі істер көп. Алайда, келешектің ертеңі үшін атқарылар жұмыс та аз емес. Мәселен, ауылда өмір сүретін азаматтар кең жолақты ғаламтормен жабдықталмай отырғандығы баршаға аян. Аталмыш олқылықты жою мақсатында биылғы жылы өңіріміздің 150 елді-мекеніне кең жолақты ғаламтор бармақ.

Ауылдық жердегі мектептердегі ғаламтор жылдамдығының баяулығы білім беру саласында айтарлықтай зиян келтіріп тұр. Мәселен, Қалалық жердегі оқушылар онлайн контентіне қол жеткізіп, білім беру процесінде әлемнің ең үздік тәжірбиесін қолданып, білімдерін шыңдай алатын мүмкіндікке ие. Ал, ауылда ондай мүмкіндік жоқ. Осы олқылықты шешу үшін келер оқу жылынан бастап, ауылда оқитын мектеп оқушылары үшін жаңа онлайн контентімен қамтамасыз етілген, барлық бағдарламасы жасақталған компьютерлер орнатылмақ.

Өркениетті елдер қатарына қосылу білімнен басталады.Осы бағытта "Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 оқулық" жобасы қолға алынған болатын. Бүгінгі таңда, 100 оқулықтың 18-і оқырман қауымға жол тартты. Бұл атқарылып жатқан жобаның алатын орны зор. Себебі, әлемнің үздік туындыларын оқып, білімін шыңдаған ұстаз ғана келешекте білімді ұрпақ тәрбиелеп, еліміздің ертеңі үшін қызмет жасайтын жастардың бойына жақсы қасиеттерді дарыта алады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.