Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Әскери қоймалар депутаттар назарында

c 22:00, 21/05/2020 c 502

0:00 / 0:00

Елдегі әскери қоймалар жұмысы депутаттар назарында. Енді Қазақстанда әскери арсеналдар, базалар мен қоймалардың аймағында құрылыс салғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Сенатта тиісті заңды қабылданды. Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтар мен тыйым салынған аудандар заң жобасы депутаттардың бастамасымен әзірленгенді.

Депутаттарды әскери қоймалар мен ондағы   оқ-дәріні сақтау мәселесіне жіті назар бөлуге Арыстағы жарылыс итермелеген еді. Заң жобасына сәйкес, арсеналдар мен қоймалардың жұмысы,  төтенше жағдай орын алғанда  халықты қорғау мәселесі қамтылған.  Өздеріңізге мәлім, Арыстағы әскери қоймада орын алған жарылыс  кісі өліміне әкеп соққанды. Әскери қойманың Арыс қаласына жақын орналасуы да үлкен сұрақ тудырды.Енді депутаттар әскери арсеналдар мен қоймалар жанына  құрылыс салғандар әкімшілік жауапкершілікке тарту керек дейді. Ол үшін бірқатар заңға түзету енгізілмек.

Осылайша, сенаторлар әскери нысандарға іргелес жатқан аумақтарда тұрғындардың, ғимараттар мен құрылыс-жайлардың қауіпсіздігі мәселелері толық шешілмегенін айтады. Ал оқ-дәрілерді сақтау қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларында мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру деңгейі төмен.Тіпті елдегі әскери қоймаларда кеңес заманынан қалған қару-жарақ бар екен.

Сондай-ақ, әскери қоймалардың аумағында  фототүсірілім, аудио және бейнежазба қолданғаны үшін де әкімшілік жауапқа тарту қарастырылған.Сенаторлар өздері бастамашы болған заң жобасын қабылдады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.