Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ақпанда жаппай екпе жасалады

c 09:39, 20/01/2021 c 423

0:00 / 0:00

Ақпан айынан бастап елде ковидке қарсы жаппай екпе жасалады. Осылайша Денсаулық сақтау министрлігі жыл соңына дейін 6 миллион адамға вакцина салуды жоспарланып отыр. Бұл жайында еліміздің бас дәрігері  Алексей Цой  үкімет отырысында мәлімдеді. Қауіпті індет басталғалы бері  Қазақстанда  коронавирус індетін жұқтырған 170 098 жағдай тіркелді.  2 349 адам көз жұмды. Ал соңғы тәулікте, ковид жұқтырған 999 адам тіркеліп отыр.  Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола,Атырау,Қостанай және Пауладар облыстары  қызыл аймақта тұр.  Сары аймаққа Батыс Қазақстан, Алматы,Қарағанды, Солтүстік Қазақстан  облыстары енді. Қалғандар өңірлер жасыл аймақта.

Елдегі эпидемиологяилық жағдай ушығып тұр. Соңғы тәуліктегі мәліметке сүйенсек, ковид жұқтырғандар саны мыңға  жуықтады. Қызыл аймаққа кірген өңірлерде карантин шаралары күшейтілуде. Елордасында демалыс күндері  сауда , ойын-сауық орталықтары мен базарлар, спорт залдары демалыс күндері жұмыс істемейді. Енді Үкімет ақпан айынан бастап халыққа жаппай екпе жасауды бастамақ. Өздеріңізге мәлім, Қазақстан ресейлік "Спутник V" вакцинасының 20 мың дозасын сатып алып жатыр. Сондай-ақ, отандық екпе де дайын болып қалды деп отыр денсаулық сақтау министрі.

Алексей Цой – ҚР денсаулық сақтау министрі -«1 ақпанда халықтың кейбір топтарына коронавирус инфекциясына қарсы вакцина егуді бастау жоспарланып отыр. Вакцинациялау екпенің жеткізілуіне қарай кезең-кезеңмен жүзеге асады. Бірінші кезеңде медицина қызметкерлеріне түгел екпе жасалады. Екінші кезеңде педагогтар тұр. Одан әрі мектеп-интернаттар, мектепке дейінгі мекемелердің педагогтері, студенттер, созылмалы аурумен ауыратындар егіледі.  Жыл соңына дейін 6 миллион қазақстандыққа вакцина салу жоспарда бар"

Министр Цой вакцинаны тасымалдау және сақтау жұмыстары жүріп жатқанын айтты. Сондай-ақ жүйелі есепке алу мақсатында вакцина салдырған жандар үшін электрондық паспорт әзірленгенін мәлімдеді.Яғни екпе жасауға міндеттеу жоқ, дегенмен вакцинасыз кез-келген жерде жүруің қиындайтын сияқты.

Алексей Цой – ҚР денсаулық сақтау министрі -«Пациент пен медицина қызметкері m-gov мобильді қосымшасы арқылы ақпаратты қолмен енгізуіне мүмкіндігі бар. Яғни осындай жаңашылдық арқылы азаматтар вакцинация алғаны туралы ақпартты ұсына алады. Жүйе жаһандық ақпарат жүйелерімен интергацияланады және вакцина алған адамдарға талап еткен жерге және кез келген жерде еркін жүруіне мүмкіндік беріледі»

Қазір Нұр-Сұлтан қаласы мен солтүстік өңірдегі 4 облыс қызыл аймақта тұр.  Сары аймақта Батыс Қазақстан облысымен бірге төрт өңір бар.Қалғандары жасыл аймақта. Премьер-министр ковид жұқтырушылар саны өсіп ктекен аймақтың басшыларына кранатин шараларын күшейтуді тапсырды.

Еліміздің бас дәрігері Цой мырзаның қауіпті індеттің таралуы бойынша реалистік және пессимистік сценарий де жоқ емес. Қазақстанда наурыз айының соңына қарай коронавирус індеті шарықтау шегіне жетуі мүмкін дейді ол. Оптимистік сценарий бойынша тәулігіне 3 мың науқас тіркеледі. Ауруханаларда 24 мың төсек-орын бос болмауы мүмкін. Реалистік-пессимистік тұрғыдағы болжамда күн сайын 6 мыңнан 9 мыңға дейін адам вирус жұқтырады дейді ол. Мұндай жағдайда 45 мың төсек-орын толады. Яғни, бұл індетке шалдыққандарға арналған 52 мың төсек-орыннан аспайды. Дегенмен бұл жағдайда  қатаң карантин шараларын енгізу жоспарланып отырған жоқ, – дейді министр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.