Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Әйелдерге жол берейік

c 12:06, 22/05/2020 c 699

0:00 / 0:00

Әйел депутаттар саны артатын "Сайлау туралы" және саяси партиялар туралы заң жобалары қаралды. Парламент Сенатының онлайн жалпы отырысында талқыланған  заңнамаға сәйкес, жастардың да депутат болуына  мүмкіндік беру көздеген. Енді партиялық сайлау тізімдерінде әйелдер мен жастар үшін 30% квота қарастырылған. Статистикаға сүйенсек,  елде 9 миллионнан астам әйел тұрады. Қазақстан парламентінде 33 әйел депутат бар. Республика мәслихаттарында 3335 орын болса, оның тек 740-ы ғана – әйелдер. Ал елімізде 20 мен 29 жас аралығындағы жастар саны – 3 миллионды құрайды.

Әйелдердің билікке келуін арттыру, гендерлік теңдікті сақтау болып табылады. Дегенмен әйелдердің үлесі еркектерге қарағанда анағұрлым төмен. Енді әйелдер мен жастардың саяси сахнадағы үлесін арттыру ұсынылған. Яғни саяси партиялар тізімінде әйелдер мен жастарға 30 пайыз квота қарастырылып отыр. Бұл тек тізімінде ғана, ал олардың парламентке келіп, депутат бола қалуы сұрақ тудырады?

Сенат талқылаған сайлау және саяси партиялар туралы қос заңға сәйкес, нәзік жандар мен жастардың да саясатқа, қоғамдық процестерге  араласуына мүмкіндік бар. Алайда, сайлауда жеңіске жеткен саяси партия мандатты бөлуге келгенде әйелдер мен жастарға орын бере ме, жоқ па? Оған кепілдік жоқ.

Наталья Пан – ҚР әділет министрінің міндетін атқарушы; «Шыныменде 30 пайыз квота, тек партиялық тізімді тіркеу үшін қажет. Мандатты бөлген кезде, әйелдер мен жастар өтеді деген кепілдік жоқ. Бұл партияларды әйелдермен жастармен  жұмыс істеуге тарту үшін жасалған. Біз партиялар тізімін тіркеуде байқағанымыз,онда нәзік жандар мен жастар үлесі тым аз»

Осылайша алдағы уақытта Парламентте әйелдер мен жастар қатары көбейе ме, жоқ па ол енді депутаттық мандатты бөлуге байланысты болмақ. Жылы орынға жабысып қалған сақа депутаттар бұл олжадан оңай құтылғысы келмейтіні сөзсіз. Себебі, сенаторлар депутаттыққа бұрын танымал болмаған адамды өткізуге қарсылық білдіруде.

Сенатордың сөзінен түсінгеніміз, депутаттыққа өту үшін атың жер жарған танымал болуың керек екен. Еске салайық, екі құжат та президенттің ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында берген тапсырмалары аясында әзірленіп, қабылданып отыр. Саяси партиялар туралы заң жобасы көппартиялық жүйені  дамытуға жол бермек. Бүгінде ел Парламентінде үш партия өкілдері ғана отыр. Оның басым бөлігі билік партиясының үлесінде.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.