Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

20 мыңға жуық адам вакцина жасатты

c 09:40, 23/02/2021 c 386

0:00 / 0:00

Қазақстанда 20 мыңға жуық адамға коронавирусқа қарсы вакцина жасалды. Бүгін Денсаулық сақтау вице-министрлері Ерлан Қиясов пен Ажар Ғиният ковидке қарсы ресейлік вакцинаның екінші дозасын алды. Екпе жасаудың бірінші кезеңінде медицина қызметкерлеріне вакцина салынса. Енді екінші кезеңде әскерилер, педагогтар мен студенттерге салынады.

Денсаулық сақтау минстрі Алексей Цой ресейлік вакцинадан тартынып отырса, оның екі орынбасары "Спутник V" вакцинасының екінші дозасын салғызып үлгерді. Бүгін елордадағы №6 қалалық емхана базасында еліміздің бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов пен денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният коронавирусқа қарсы екпе жасатып шыққан соң, өз әсерлерімен бөлісіп, одан арғы жоспар жайында айтып берді. Айта кетейік, вакцинация екі кезеңнен тұрады.Бірінші дозадан кейін 21 күн өткен соң, екіншісі жасалады. Ақпан айында басталған екпе науқаны барысында 20 мыңға жуық адам вакцина салдырған.

Бұл жолы шенеуніктер өткен жолдағыдай вакцина жасатқанын жариялауға  журналистерді шақырған жоқ. Себебі, сол  жолы санитарлық норманы сақтамады деп сынға іліккен болатын.

Екпе жасаудың бірінші кезеңінде медицина қызметкерлеріне вакцина салынса. Енді екінші кезеңде әскерилер, педагогтар мен студенттерге салынады.Денсаулық сақтау министрлігі жыл соңына дейін алты миллионға жуық адамға вакцина салуды жоспарлап отыр. Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың 12 ақпанында ресейлік вакцина Қазақстан аумағында тіркелді. Қарағанды фармацевтикалық кешенінің базасында аталмыш вакцина өндірліп жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша, "Спутник V" вакцинасының тиімділігі шамамен 96% құрайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.