Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

13 жылға сотталды

c 17:24, 02/11/2020 c 515

0:00 / 0:00

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Ерлан Исламғалиевке үкім шықты. Ол енді өмірінің 13 жылын темір тордың арғы жағында өтейтін болды. Жәбірленушінің талапарызы толықтай қанағаттандырылмаған. Оған 10 млн теңге моральдық, 541 530 теңге материалдық залал өндірілген. Еске сала кетейік Ерлан Исламғалиев өткен жылдың 28 қарашасында әйелі Ираида Исламғалиеваны кепілдікке алу үшін аңшы пышағын, сосын дүкеннен Ф-1 оқу гранатасын алған. Сосын Жәңгір хан көшесі, 13 мекенжайында орналасқан әйелінің нотариалдық кеңсесіне келіп, оны кепілдікке алған. БҚО мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының судьясы Шара Зайнуллиннаның айтуынша, Ислямгалиеваны ұстап қалу кезінде айыпталушы құқық қорғау органдарынан шампан, шоколад, ұшақ, инкассатор машинасы мен 100 мың АҚШ доллары сомасындағы ақшаны талап еткен. Ирайда Есламғалиеваны босату жөнінде құқық қорғау органдары қызметкерлері жүргізген келіссөз бес сағаттай уақытқа созылған. – Осы мерзімде Ерлан Исламғалиев өзіне шампан сусынын, шоколад, тапанша, ұшақ, инкассаторлық машина және 100 мың АҚШ долларын жеткізуді талап етті. Оның талаптарын орындау үшін шампан, шоколад және залалсыздандырылған тапанша берілді. Содан кейін кеңсеге ешкімнің кіре алмайтынына көзі жеткен Е.Исламғалиев күш қолданып әрі өлтіремін деп қорқытып, әйелінің еркінен тыс онымен екі рет жыныстық қатынас жасаған. Келіссөз нәтижесінде Есламғалиева босатылды. Сот үкімімен Е.Исламғалиев ҚР ҚК 110-бабы 2-бөлігі, 2-тармағы, 1), 2), 4)-тармақшасы, 194-бабы 4-бөлігі 2)-тармақшасы, 261-бабы 2-бөлігі 4)-тармақшасы, 120-бабы 2-бөлігі 2)-тармақшасына сәйкес айыпты деп танылды. Сотталушының жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеу белгіленді,– деді . БҚО мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының судьясы Шара Зайнуллинна. Сонымен қатар Е.Исламғалиев 2017 жылы 1 қыркүйекте кезекті тұрмыстық кикілжің барысында қызғаныш салдарынан әйелінің кішкентай ұлын бөлмеге қамап, күш қолданған. Үш-төрт сағат бойы баланы қорлаған. Әйелінің екі қолын жылу батареясына белбеуімен байлап аузына скотч жапсырған. Келесі күні әжетханаға барғысы келген әйелінің шашынан сүйреп, тыныс органдарын көпшікпен басып, оған пәтерін беруін талап еткен. Бас тартқан жағдайда күш қолданатынын айтқан. Келісім алмағаннан кейін 2 сағат бойы жәбірленушінің көзіне ұялы телефон шамын түсіріп, қинаған. 1-4 қыркүйек аралығында Е.Исламғалиев әйелі мен оның кішкентай ұлын пәтерден шығармай, И.Исламғалиеваның өзіне тұрмысқа шыққанға дейін алған мүлкін иемдену мақсатында күш қолданып, қорлаған. Ақыры 4 қыркүйек күні өзі мен ұлының өміріне қауіп төнгендіктен, Ираида нотариус кеңсесіне күйеуіне еріп келіп, оның атына құны 14 840 855 теңге тұратын 3 бөлмелі пәтерін рәсімдеген. Содан кейін 2017 жылдың қазанынан 2018 жылдың қаңтарына дейін, сондай-ақ 2019 жылдың ақпанында әйелінің полицияға шағымдануынан қауіптенген Е.Исламғалиев оны үнемі ұрып-соққан. Ираида Ислямгалиеваның айтуынша, бүкіл сот процесі оның барлық қатысушылары үшін өте қиын болған.Сот үкімі оқылған соң да айыпты өзін дөрекі ұстауды жалғасытра берді.Осылайша бір жылға созылған іске нүкте қойылды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.