Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАНДА AI ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҚТАРЫ АШЫЛЫП ЖАТЫР

c 11:57, 25/11 c 1

0:00 / 0:00

Енді мемлекеттік қызмет алу үшін ұзын-сонар кезекте тұрудың қажеті жоқ. Қазақстанда жасанды интеллект көмегімен қызмет көрсететін жаңа үлгідегі цифрлық халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылып жатыр. Қазір мұндай орталықтардың тоғызы жұмыс істейді. Олар Астана, Шымкент, Түркістан, Жезқазған, Сәтбаев, Орал, Петропавл, Қарағанды және Тараз қалаларында орналасқан. Алдағы уақытта цифрлық кеңселер еліміздің барлық өңірінде ашылмақ. Бүгінде мемлекеттік қызметтердің 90 пайыздан астамы онлайн қолжетімді. Соның нәтижесінде халыққа қызмет көрсету орталықтары операторларына жүгінетін азаматтар саны соңғы жылдары 30 пайызға азайған. Көлік құралын алғаш тіркеу, жер учаскесіне қатысты актілер мен жылжымайтын мүліктің кадастрлық паспорттарын алу да электронды форматқа көшті. Электронды цифрлық қолтаңба рәсімдеу мен тұрғылықты жері бойынша тіркелу қызметтері де түгелге жуық онлайн көрсетіледі. Осы өзгерістерге байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы жаңа форматқа ауысып жатыр. Енді келушілер қажетті қызметті арнайы терминалдар арқылы өз бетінше рәсімдей алады. Цифрлық кеңсе үш аймаққа бөлінген. Аумағының 70 пайызы өзіне-өзі қызмет көрсетуге арналған. Мұнда eGov GPT(джи пи ти) цифрлық көмекшісі орнатылған терминалдар жұмыс істейді. Ал 20 пайызы кеңесшілер көмектесетін сараптамалық аймақ болса, қалған 10 пайызы азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыруға арналған оқу бөлмесіне бөлінген. Жасанды интеллект негізіндегі eGov GPT көмекшісі азаматпен диалог құрып, қажетті қызметті анықтауға, оны алу жолын түсіндіруге және онлайн рәсімдеуді соңына дейін жүргізуге көмектеседі. Дегенмен мамандардың көмегі де сақталады. Әр кеңседе келушілерге бағыт-бағдар беретін кеңесшілер бар. Бұдан бөлек, дайын құжаттарды постамат арқылы тәулік бойы алуға мүмкіндік беретін арнайы аймақ ашу жоспарланып отыр. Алғашқы цифрлық кеңсе 2026 жылдың маусымында Жезқазғанда ашылған. Кейін бұл тәжірибе Түркістан, Астана және Сәтбаев қалаларында енгізілді. Қазір жаңа форматтағы орталықтардың саны тоғызға жетті. Премьер-Министрдің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің айтуынша, цифрлық кеңселер - жасанды интеллектке негізделген мемлекеттік қызметтердің бірыңғай экожүйесінің бір бөлігі. Мемлекет басшысы 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялап, бұл технологияларды электронды үкімет жүйесіне енгізуді тапсырған. Министрдің сөзінше, басты мақсат - мемлекеттік қызметтерді барша азамат үшін жеңілдетіп, жедел әрі қолайлы ету. Бұл ретте жеке деректердің қауіпсіздігі басты назарда болмақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.