Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БІРҚАТАР АЗЫҚ-ТҮЛІКТІҢ ҚЫМБАТТАУЫНА ТОСҚАУЫЛ ҚОЙЫЛМАҚ

c 11:48, 25/11 c 1

0:00 / 0:00

Қазақстанда қияр, қызанақ, ет пен сүт өнімдерінің бағасы тежелмек. Үкімет делдалдарды азайтып, өндірушілермен тікелей келісім жасау арқылы азық-түлік құнын тұрақтандыруды көздеп отыр. Бұл үшін жылыжайларға жеңілдетілген электр тарифін беру, ет жәрмеңкелерін көбейту және сүт өндірушілермен бағаны өсірмеу жөнінде келісу ұсынылды. Азық-түлікпен қамтамасыз ету және бағаны тұрақтандыру мәселесі Премьер-министрдің орынбасары - Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен жиында талқыланды. Қазан айының қорытындысы бойынша азық-түлік инфляциясы 0,2 пайызды құраған. Ал жылдық көрсеткіш 8,5 пайыздан 7,6 пайызға дейін төмендеген. Жиында әсіресе маусымаралық кезеңде қымбаттайтын қияр мен қызанақтың бағасына басымдық берілді. Сауда және интеграция, сондай-ақ Ауыл шаруашылығы министрліктері бағаны тұрақтандыру үшін 40 ірі жылыжай шаруашылығымен келіссөз жүргізіп жатыр. Оның ішінде электр энергиясын көтерме нарықтан сатып алатын 14 жылыжайға бөлшек тарифке көшу мүмкіндігі қарастырылуда. Бірақ оның орнына кәсіпорындар қияр мен қызанақтың сату бағасын тұрақтандыруға міндеттеме алуы тиіс. Ал ет бағасын қолжетімді ету үшін өңірлерде «Соғым-FEST» ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің ауқымы кеңейтілмек. Мұнда тұрғындар етті делдалсыз, тікелей өндірушілерден сатып ала алады. Сонымен қатар ішкі нарықты етпен жеткілікті қамтамасыз ету үшін сиыр және қой етінің экспортына қатысты қосымша реттеу тетіктері қарастырылған. Сүт өнімдерінің бағасы да назардан тыс қалған жоқ. Жыл басынан бері шикі сүт 6,4 пайызға, сүт өндірушілердің сату бағасы 5,4 пайызға, ал тұтынушылар үшін сүт өнімдері 5,8 пайызға қымбаттаған. Енді бағаның одан әрі өсуіне жол бермеу үшін шикі сүт өндірушілер мен өңдеу кәсіпорындары арасында бағаны тұрақтандыру жөніндегі меморандумдар жасасу ұсынылды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.