0:00 / 0:00
Ақмола облысының Шортанды ауданында жүк пойызы теміржол үстінде отырған ер адамды қағып кеткен. Салдарынан ол оқиға орнында көз жұмды. Алдын ала мәлімет бойынша, машинист рельстегі адамды шамамен 300 метр жерден байқап, шұғыл тежегішті басқан. Алайда пойызды дер кезінде тоқтату мүмкін болмаған. 47 вагоннан тұратын құрам сағатына 64 шақырым жылдамдықпен қозғалып келе жатқан. Қаза тапқан азаматтың Шортанды ауылының тұрғыны екені анықталды. Оның теміржолға қалай тап болғаны және пойыз жақындаған кезде неліктен қауіпсіз жерге шықпағаны тергеу барысында анықталады. Көлік полициясы адам өліміне әкеп соққан теміржол көлігінің қозғалысы немесе оны пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.







