Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бензовоз өртеніп, жүргізушісі қаза тапты

c 15:00, 23/11 c 1

0:00 / 0:00

Шымкентте бензин таситын көлік аударылып, отқа оранды. Өрт сөндірушілер көлік кабинасынан жүргізушінің мәйітін тапты. Қайғылы оқиға Тұран ауданындағы Ташкент тасжолында болған. Оқиға куәгерінің айтуынша, ол қатты соққының дауысын естіп, сыртқа шыққанда бензовоздың жанып жатқанын көрген. Дереу 101 нөміріне хабарласып, өрт туралы құтқарушыларға мәлімдеген. Сондай-ақ жақын маңдағы тұрғын үйлерден балалар мен отбасы мүшелерін қауіпсіз жерге шығарған. Куәгердің сөзінше, бұл аумақта жол-көлік оқиғалары жиі болады. Ол бұған дейін полицияға бейнебақылау камерасын орнату туралы өтініш те жасаған. Қазір апаттың мән-жайы анықталып жатыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.