0:00 / 0:00
Балқашта жасөспірім қыздарға қатыгездік көрсетіп, жыныстық зорлық жасады деген күдікпен бірнеше адам ұсталды. Полицияға 55 жастағы қала тұрғыны арызданған. Оның айтуынша, белгісіз адамдар екі кәмелетке толмаған қызДАРЫН бірнеше рет ұрып-соғып, күштеп ішімдік ішкізген. Сондай-ақ темекімен денелерін күйдіріп, интимдік суреттерін таратамыз деп қорқытып, жыныстық зорлық көрсеткен. Әкесінің арызынан кейін полиция күдіктілерді ұстады. Сотқа дейінгі тергеп - тексеру барысы Қарағанды облысы полиция департаменті басшылығының бақылауында.







