0:00 / 0:00
Қазақстан Республикасы орталық Сайлау комиссиясы 29 қарашаға белгіленген мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындықты бағалау мақсатында өңірлерге ауқымды инспекциялық сапарларын жалғастыруда. ОСК (Орталық Сайлау Комиссиясы ) басшылығы мен мүшелері сайлау учаскелерінің жабдықталуын , комиссиялардың дайындық деңгейін, цифрлық сервистердің жұмысын,мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған кедергісіз ортаның қалыптасуын, сондай-ақ қыс мезгілінде болуы ықтимал ауа райының қолайсыздығына жол қызметтері мен төтенше жағдайлар қызметтерінің дайындығын тексеруде.Орталық сайлау комиисиясы әзірге дауыс берудің техникалық жағына басымдық беріп отыр. Ал тұрғындар сайлау барысын үлкен қызығушылықпен бақылауда. Біз тұрғындардан алдағы сайлаудан не күтетіндерін сұрап білдік.







