Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

5517 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНЕ АРНАП ЖАҢА КАЗАРМА САЛЫНУДА

c 13:30, 04/11 c 1

0:00 / 0:00

Орал қаласында 5517 әскери бөліміне арнап 300 орындық жаңа казарма салынып жатыр. Төрт қабатты ғимараттың құрылысы қарқынды жүргізілуде. Жаңа нысан сарбаздардың тұрмысына, оқуына және әскери даярлығына қажетті барлық жағдайды жасауға бағытталған. Мұнда кең жатын бөлмелер, санитарлық-тұрмыстық орындар, жауынгерлік дайындық кабинеттері мен тәрбие жұмысына арналған бөлмелер қарастырылған. Сондай-ақ спортзал мен психологиялық демалыс бөлмесі болады. Құрылыс жобасының жетекшісі Марат Насипкалиевтің айтуынша, қазір жұмыстың екінші кезеңі аяқталып келеді. Ғимаратқа су, кәріз және жылу желілері тартылған. Енді ішкі әрлеу жұмыстары басталмақ. Құрылыс барысында заманауи материалдар мен технологиялар қолданылып жатыр. Бұрынғыдай ағаш еденнің орнына бетон негіз төселіп, тозуға төзімді, кепілдік мерзімі 10 жыл болатын жабын орнатылады. Әскери бөлім командирі Ерік Қарибаевтың сөзінше, жаңа казарма сарбаздардың алаңсыз қызмет етуіне және тынығуына мүмкіндік береді. Мұнда олардың күнделікті тұрмысы мен әскери дайындығына қажетті жағдайдың барлығы ескерілген. Айта кетейік, 5517 әскери бөлімі өңірдегі қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге атсалысады. Жаңа казарманың құрылысын келер жылдың мамыр айында аяқтау жоспарланған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.