Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

МОБИЛЬДІ АУДАРЫМДАРДЫ БАҚЫЛАУ ШЕГІ КӨТЕРІЛМЕК

c 12:04, 04/11 c 1

0:00 / 0:00

10 қарашадан бастап Қазақстанда жеке тұлғалардың мобильді аударымдарын бақылау тәртібі өзгереді. Қаржы министрлігі салық органдарының назарын аударуы мүмкін ақша түсімдерінің шекті мөлшерін ұлғайтты. Енді үш айда жеке шотқа түскен қаражат көлемі 1 миллион 557 мың теңгеден асса, аударымдар қосымша тексерілуі мүмкін. Бұған дейін бақылау шегі 1 миллион 20 мың теңге болған. Енді бұл көрсеткіш 537 мың теңгеге немесе шамамен 53 пайызға артты. Жаңа тәртіп бойынша есептеу 12 ең төменгі жалақының орнына 360 айлық есептік көрсеткіш негізінде жүргізіледі. Алайда салық органдары аударымдардың сомасына ғана емес, олардың жиілігіне де назар аударады. Бақылауға ілігуі үшін үш талап қатар орындалуы керек. Біріншіден, әр айда 100 немесе одан да көп түрлі адамнан ақша түсуі қажет. Екіншіден, аударымдар қатарынан үш күнтізбелік ай бойы жасалуы тиіс. Үшіншіден, осы кезеңдегі жалпы түсім 1 миллион 557 мың теңгеден асуы керек. Бұл талаптардың орындалуы автоматты түрде салық салынады немесе айыппұл салынады дегенді білдірмейді. Мұндай аударымдар кәсіпкерлік қызметтің белгілері ретінде қарастырылып, қосымша тексеруге негіз болуы мүмкін. Жаңа өзгерістер 2026 жылғы 10 қарашадан бастап күшіне енеді деп күтілуде.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.