0:00 / 0:00
Ақтөбе облысындағы «Қазхром» компаниясына қарасты шахтада қайғылы оқиға болды. 29 қазанда вагондарды тіркеу кезінде кенші ауыр жарақат алып, көз жұмды. Оқиға Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығы атындағы Дон тау-кен байыту комбинатының шахтасында болған. Зардап шеккен жұмысшы шұғыл түрде Хромтау қаласындағы ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. «Қазхром» компаниясы марқұмның отбасына көңіл айтып, қажетті көмек көрсететінін мәлімдеді. Қайғылы жағдайдың нақты себептері әзірге белгісіз. Оқиғаның мән-жайын мемлекеттік еңбек инспекциясының өкілдері қатысатын арнайы комиссия анықтайды.







