0:00 / 0:00
Алматыда жүк көліктерінің жүргізушілерін наразылық акциясына шақырған 41 жастағы ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады. Полиция мәліметінше, әлеуметтік желіде тараған бейнеүндеудің авторы анықталған. Ол жүргізушілерді салмақ шектеулеріне қарсылық білдіру мақсатында 1 қараша күні жүк көліктерінің қозғалысын ұйымдасқан түрде тоқтатуға шақырған. Аталған әрекеті үшін ер адамға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Сот оны кінәлі деп танып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды.







