Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖАС ЖҰПТАН 3 КЕЛІДЕН АСТАМ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ

c 07:24, 10/10 c 1

0:00 / 0:00

Елордаға кіреберісте есірткі тасымалдады деген күдікпен 20 жастағы жігіт пен 18 жастағы қыз ұсталды. Полиция қызметкерлері KIA көлігін тоқтатып, тексеру барысында салоннан аяқ киім қорабына жасырылған екі вакуумды пакет тапқан. Сараптама нәтижесінде олардың құрамынан салмағы шамамен 2 келі мефедрон анықталған. Кейін күдіктілер жалдап тұрған пәтерге тінту жүргізілді. Ол жерден тағы 1 келіге жуық мефедрон және есірткіні өлшеп, орауға арналған құралдар табылған. Осылайша жалпы салмағы 3 келіден асатын психотроптық зат тәркіленді. Қазір екі күдікті де уақытша ұстау изоляторына қамалды. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, полиция есірткінің қайдан жеткізілгенін және оны әрі қарай таратуға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.