0:00 / 0:00
Қонаев қаласында алтыншы сынып оқушысы мектептің үшінші қабатынан құлап, көз жұмды. Бала бірнеше ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізіліп, шұғыл ота жасалған. Алайда дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Мектеп өкілдерінің мәліметінше, қайғылы жағдай 16 қарашада екінші ауысымдағы сабақ басталар алдында болған. 11 жастағы оқушы баспалдақтың үшінші қабатындағы қоршауға отырып, кенет тепе-теңдігін жоғалтып, төменге құлаған. Оқушы ауруханаға жеткізіліп, операция жасалғанымен, 18 қараша күні таңертең көз жұмды. Аталған дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Қазір құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.







