0:00 / 0:00
Оралда екі жасөспірім көпқабатты тұрғын үйдің шатырынан құлап, қаза тапты. Қайғылы жағдай 6 қазан күні кешкі уақытта болған. Қайтыс болғандардың бірі 2010 жылы, екіншісі 2012 жылы туған. Оқиғаға қатысты Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қазір құқық қорғау органдары жасөспірімдердің биіктіктен құлауына не себеп болғанын және оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Тергеу барысы полиция департаменті мен облыс прокуратурасының бақылауында. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, істің өзге деректері жария етілмейді.










