Бұл – бұрын қала көшелерінен қарды уақытша жинау үшін пайдаланылған полигон орны. Бүгінде «Волна» бау-бақша қауымдастығының тұрғындары осы орынның экологияға, инфрақұрылымға және өмір қауіпсіздігіне төндіретін қауіп-қатеріне алаңдаулы. Олардың айтуынша, еріген қар суы топыраққа сіңіп, жер асты суларын ластап, жолдарды бүлдіріп, байланыс желілеріне де зиян келтіруі мүмкін. 2 наурызда «Волна» тұрғындары ел Президентіне бейнеүндеу жолдап, Омега көпірі маңындағы халықтың келісімінсіз полигонға қар тасымалды тоқтатуды сұраған.Соған қарамастан барлық ескертулер мен шағымдарға ешкім құлақ аспаған, Бүгін – 17 сәуір. Енді тұрғындар сол әрекеттердің салдары туралы мәселе көтеріп отыр.
Ольга Никитина
«Волна» бау-бақша қоғамының мүшесі
((«24 желтоқсан мен 2 наурыз аралығында қар заңсыз шығарылды. Себебі бұл жұмыстарға қажетті рұқсат құжаттары болмаған. Жердің жағдайы зерттелмеген. Мұнда интернет желілері өтетін инфрақұрылым бар. Ал ластанған қардағы химикаттар топырақ арқылы тұрғындардың құдығына дейін жетуі мүмкін. Айта кету керек, бұл аумақта 200-ден астам отбасы тұрақты тұрады, ал жаз мезгілінде 300-ден аса отбасы келеді.»))
КСМ: Экологтарда қауіптің бар екенін жоққа шығармайды. Еріген қар сынамаларынан хлорид, сульфат, мұнай өнімдері мен қалқымалы заттардың шамадан тыс мөлшері анықталған.
((Нұрлы Исмаилова, БҚО экология департаментінің зертханалық-талдамалық бөлімінің басшысы
((«27 ақпанда Омега көпірі маңындағы қар шығару алаңына байланысты өтініш түсті. Қар сынамалары бойынша хлорид, сульфат, мұнай өнімдері және қалқымалы заттар фондық көрсеткіштен жоғары екені анықталды. Басқа компоненттер бойынша ауытқулар тіркелген жоқ.»))
Тұрғындарды алаңдатқан тағы бір мәселе – жолдың жағдайы. Бау-бақша қоғамына апаратын жолды халық өз қаржысына күтіп ұстап келген. Ауыр техниканың жүруінен жол жабындысы бүлініп, тұрғындар маусым алдындағы жөндеу жұмыстарын да өз күшімен атқаруға мәжбүр болған. Сонымен қатар, батпақтанған аумақта шыбын-шіркей көбейіп, санитарлық қауіп туындаған.
Андрей Стариченко
«Волна» саяжай қауымдастығының тұрғыны
((«Миллиондаған қаржы шыбын-шіркеймен күреске жұмсалса, әкімдік бұл жерде сол жәндіктердің көбеюіне өзі жағдай жасап отыр. Жер ылғалды әрі қоқысқа толы. Наурызда өткен дөңгелек үстелде әкімдік өкілдері барлық зардап жойылады деп уәде берген еді. Бірақ бұл жер әлі кепкен жоқ.»))
КСМ: Тұрғындардың пікірінше, жердің толық құрғауын күтпей-ақ, жиналған лас суды сорғызу керек дейді. Алайда әкімдік мамандары бұл пікірмен келспейді.
Миржан Шамұров
қалалық ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімінің бас маманы
КСМ:Осы орайда «Экология департаменті мамандары ластанған топырақ қабатын тазартып, барлық зардапты жою қажет деп нұсқама білдірді. Бұл – стандартты экологиялық тәжірибе көрінеді.
Нұрлы Исмаилова
БҚО экология департаментінің бөлім басшысы
((«Біздің пікірімізше, қарды төгу орындары арнайы жабдықталған, қала шегінен тыс, тұрғын үйлерден алыс аумақтарда орналасуы тиіс.»))
КСМ:«Волна» саяжайының тұрғындары шенуініктер берген құр уәдеден әбден жалыққанын айтады. Олар тек нақты әрекет күтуде. Және бау-бақша егу маусымы басталғанға дейін қалыпқа келтіру жұмыстары қолға алынса дейді.