Пленумда ардагерлер ұйымының жыл бойғы жұмысы қорытындыланып, алдағы мақсат-міндеттер нақтыланды. Шарада кеңес төрағасы Мақсот Берген 2024 жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады. Оның айтуынша, ардагерлер тек жастарға үлгі болып қана қоймай, қоғамдағы өзекті мәселелерге де белсене араласып, шешу жолдарын ұсынып жүр.
СИНХРОН: Мақсот Берген
БҚО ардагерлер кеңесінің төрағасы
((«Біз ел басына күн туғанда да қарап қалмаймыз. Биыл тасқын кезінде ардагерлер жұмыла атсалысып, елмен бірге апаттың алдын алды.»))
КСМ: Сонымен қатар, жиында жуырда Астанада өткен Орталық кеңестің III Пленумының қорытындылары да талқыланды. Сол жиында айтылған ұлттық құндылықтар, ысырапшылдықпен күрес және діннің дұрыс түсіндірілуі мәселелері — бұл жолы да назардан тыс қалмады.
СИНХРОН:Мақсот Берген
БҚО ардагерлер кеңесінің төрағасы
КСМ: Ардагерлерге көрсетіліп жатқан әлеуметтік қолдаулар да айтылды. Биылғы сәуір айына дейін Ұлы Отан соғысының 9 ардагеріне 40 миллион теңге көлемінде біржолғы көмек көрсетілген. Сонымен қатар, 239 зейнеткер тұрғын үй жәрдемақысымен қамтылған.
СИНХРОН: Дархан Қадыралиев
БҚО қоғамдық даму басқармасының басшысы
((«Облысымызда “Белсенді ұзақ өмір” Ұлттық жоспары аясында да жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Қазір Бөрлі ауданы мен Орал қаласында арнайы орталықтар табысты жұмыс істеп жатыр.»))
КСМ:Жиын соңында бірқатар ардагерлерге алғыс хаттар мен медальдар табысталды. Пленум – елдік мүдде мен ұрпақ сабақтастығы тоғысқан тәжірибе алаңы болды.