Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

АҚЖОЛДЫҚТАР "ТАЗА ҚАЗАҚСТАН" АКЦИЯСЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ

c 20:03, 17/04 c 4

0:00 / 0:00

«Евразия» туристік лагері бүгін ИГІ бастамалардың ордасына айналды. Мұнда Қазақстанның «Ақжол» демократиялық партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалының бастамасымен 50 түп тал-терек отырғызылды. Шараның серіктесі - Облыстық балалар туризімі және экология орталығы.
((Айгүл Түркина
«aq jol» қдп бқоф төрағасының орынбасары
Біз бұл шараны Жеңістің 80 жылдығына арнадық. Ардагерлеріміз бастаған істі жастар жалғастыруда. Бұл - патриотизм мен табиғатқа деген қамқорлықтың үлгісі. Орал қаласы еліміз бойынша жасыл қалалардың бірі. Бұл үрдіс жалғасын табады деген үміттеміз))
КСМ: Аталмыш шара тек көгалдандыру емес, табиғат ананы аялап қоршаған ортаны қорғаудың бастамасы. Бір апта бұрын осы жерде "Ардагерлер кеңесінің" мүшелері 30 көшет отырғызыпты. Бүгін олардың бастамасын жастар жалғастырды. Индустриалдық колледж студенттерімен бірге Ташкенттегі байрақты бәсекеге жол жүргелі тұрған спортшылар да акцияға атсалысты.

((Айдынбек Жасмұханбетов
БҚО САМБО ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ))
КСМ:Экологиялық акцияға «Қазақ аналары - дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігінің өкілі де белсене қатысты.
((Айгүл Қапашева
"қазақ аналары - дәстүрге жол" қб мүшесі))
КСМ: Жалпы бүгін "Таза қазақстан" Акциясы Ғабдолла
Тоқайға арналған ескерткіштің маңында өткізіліп, іс-шараға еріктілер, студенттер, түрлі ұйым өкілдері, жалпы 70-ке жуық адам қатысты.

((Аманат Бектұрсынов
қалалық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының бөлім басшысы))
КСМ: Сондай-ақ, 120 саябақ пен скверді абаттандыру жұмыстары жүргізілді, 263 мыңнан астам ағаш көшеттері, 31 бұта
отырғызылды, 7 астам тротуар плиталары жөнделді. 375 әлеуметтік нысанның аумағы мен 63 тарихи-мәдени
ескерткіштің аумағы тазартылды. Экологиялық іс-шараларды өткізу үшін 634 бірлік техника жұмылдырылды, соның арқасында 1139 тонна қоқыс шығарылды. Бұдан басқа, "Ғарыш сапары"АҚ анықтаған 192 заңсыз қоқыс үйінділерінің 158-і жойылып, қалған 34 қоқыс
үйіндісін жою жұмыстары жалғасуда.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.