0:00 / 0:00
Қазақстанда жылу және электр станциясы жоқ жалғыз қала-Көкшетау. Ақмола облысының орталығы болып табылатын Көкшетау қаласын ел аузында «аристондар» қаласы деп атап кеткен. Себебі, қалада ескірген қазандықтармен жылу таратып отыр. Есесіне ыстық су жоқ. Тұрғындар аристон қойып, жылы сумен өзін қамтуда. Осыған орай үкімет қалада Жылу энергия орталығын салуды қолға алмақ. Алайда , ол жоба тек 2026 жылы ғана жүзеге асады. Осыған орай Сенатор Нұрлан Бекенов Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтан Көкшетаудан ЖЭО салу жобасын 4 жылға созбай, жедел шешуді талап етті.
Мәтін. Көрікті көкше жеріндегі шахар –Көкшетаудың «аристондар» қаласы деп аталып кеткеніне де біраз жыл болды. Себебі Қазақстанда жылу және электр станциясы жоқ жалғыз қала-Көкшетау болып табылады. Қаладағы көпқабатты үйлердің әр пәтерінде жылы сумен қамтитын «аристон» жабдығы орнатылған. Осылайша көкшетаулықтар өзін жылы сумен қамтып алған. Бүгінде қала сонау 1978 жылы пайдалануға берілген ескірген қазандықтармен жылу таратып отыр. Алайда, оның қуаты қаланы қамти алмауда. Бұл Көкшетауда жаңа нысандардың бой көтеруіне де кедергі болып отыр. Айта кету керек, Көкше қаласы еліміздің мақтанышы Бурабай ұлттық паркіне тиіп тұр. Туристер көп келетін аймақ болғандықтан, Көкшетаудың дамымай жатқаны үлкен сын әрине.
НҰРЛАН БЕКЕНОВ – ҚР ПАРЛАМЕНТ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ «Көкшетау жылу және энергия тарату орталығы жоқ жалғыз қала. Орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау болмағандықтан, Көкшетау «аристондар» қаласы атанып кеткен. Қаланың жылу беру қазандықтары әбден тозған. Соңғы 3 жылда осы қазандықтарды ұстап тұруға облыстық бюджеттен 3 млрд теңге бөлінген».
Сенатордың айтуынша, қаладағы электр қуатының тарифі еліміздегі ең жоғары тарифтердің бірі болып табылады. Электр энергиясы басқа облыстардың энергия өндіруші станцияларынан ондаған делдалдардың желілері арқылы қалаға келеді. Егер қалада қазіргі заманғы ЖЭО салынса, жоғарыдағы проблемалар шешімін табар еді. Өкінішке орай 10 жылдан бері қалада ЖЭО салу мәселесі айтылып , талқыланып келе жатқанымен әлі күнге дейін шешімін таппай отыр. Ал министрлер кабинеті оның құрылысын тек 2026 жылға жоспарлап қойған. Сенатор Бекенов Үкімет басшысынан аталмыш жобаны созбай, барлық бюрократиялық мәселелерді тезірек шешіп, Көкшетауда ЖЭО салу құрлысын жедел бастауды талап етті.
НҰРЛАН БЕКЕНОВ – ҚР ПАРЛАМЕНТ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ «Жылу –энергия орталығының құрылысы республикалық жоба бола тұра, оны жүзеге асыру уақыты тым созылып кетті. Осы жоба бойынша мемлекеттік -жекеменшік әрпітестік келісіміне қол қою мерзімі 2023 жылға белгіленген. Ал қалада жылу мен электр энергиясының тапшылығы орын алып отыр. Тұтынушылық артты.Сондықтан, үкіметтен Жылу-энергия оратлығын салу мерзімін қысқартып, құрылысын тездетуді сұраймын»
«Аристондар» қаласының тұрғыны, Ақмола облысының әкімі Ермек Мыржықбаев өткен жылдың соңында журналистермен өткен брифингте мұндай проблеманың барын мойныдаған еді. Әкімнің мәліметінше, ағымдағы жылдың сәуірінде Көкшеде ЖЭО салу жобасы бойынша байқау өтеді.
ЕРМЕК МЫРЖЫҚБАЕВ – АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ «Энергетика министрлігі сәуір айында осы жоба бойныша байқау өткізеді. «Аристондар» қаласы деп аталып кеткеніміз шын. Қалада 2024-2025 жылдары жаңа құрылыс нысандары бойы көтеретіндіктен, ЖЭО бізге өте қажет. Жоба құны 200 млрд теңгеден асып жығылады. ЖЭО құрлысы 2024-2025 жылдары жүзеге асады».
Еске сала кетейік, өткен жылдың жазында Ақмола облысына сапар шеккен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Көкшетаудың проблемасына қатысты үкіметке тиісті тапсырманы жүктеген болатын. Ол кездегі Мамин үкіметі қабылдаған шешім бойынша көкшетаулықтарға жылу 2026 жылы бірақ келмек. Ендігі үміт Смайылов бастаған жаңа үкіметте.