Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖҰМЫСЫН БІЛМЕЙТІНДЕР ҚЫЗМЕТІНЕН КЕТЕДІ

c 00:45, 02/04 c 163

0:00 / 0:00

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, қазір еліміздің 7 өңірінде су тасқыны жүріп жатыр. Өздеріңіз куә болып отырғандай көктемнің әлегіне түскен халық баспанасынан, нәпақа қылып отырған малынан, кредикте алған атвокөлік басқа да мүлкінен бір мезетте айырылды. Тасқын судың зардабын шеккендер қауіпсіз жерлерге көшіріліп жатыр.

Алайда, олардың жоғалтқанын кім өтейді? Бүгін өткен Ақордадағы жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жағдай соңғы 30 жылдағы ең ірі су тасқыны саналып отырғанын айтты. Яғни 2012 және 2017 жылдарда орын алған су тасқыны деңгейден асып кеткен. Бірақ құзырлы органдар бұдан сабақ алмаған сияқты. Себебі болжам жұмыстары мүлдем болмаған. Салалық мамандардың тапшы. Егер әкімдіктер жыл сайын су тасқынына қарсы жоспарланған барлық іс-шараны тиісті деңгейде жүзеге асырғанда, ауа-райы жағдайын ескергеннің өзінде, апаттың салдары мен ауқымы мұншалықты болмас еді. Соған қарағанда, әкімдіктер бұл жұмыстармен айналыспаған деп сынады Тоқаев. Қазір су тасқынынан төнетін қауіп сейілді деуге келмейді. Сондықтан барлық күштік құрылымдарды жұмылдыру қажет. Сонымен қатар еріктілерді, жәрдем бергісі келетін азаматтарды тарту керек деді Президент. Ең бастысы адам шығынына жол бермей, су тасқынан зардап шеккендерге көмек қолын созу қажет екенін айтты. Бұл орайда Тоқаев отандық бизнесмендер мен жер қойнауын игеріп отырған алпауыт компаниялар да қолдау көрсетуі керек деді.

Сондай-ақ, су басқан аймақтарда әлеуметтік маңызы бар қызметтер мен азық-түлік бағасының шарықтап кетпеуіне жол бермеу керек. Үкіметке бұл мәселені назарда ұсатуды тапсырды.

Мемлекет басшысы Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар, ең алдымен, облыстардың әкімдері жазғы маусымға да дайын болуы қажет екенін еске салды.Себебі жаз айыларында тілсіз жау-өрт немесе басқа да табиғи апаттардың болуы әбден мүмкін. Қазіргідей қамсыз отырмай, алдын ала әрекет ету керек. Су тасқынын көргенде, көктен түскендей абдырап қалдыңыздар деп сынады. Елдегі ахуал жауапты органдар арасында бірлескен жұмыстың жоқтығынан орын алды. Президент жұмыс істей алмайтындар жылы орнынан кетеді деп ескертті.

Сондай-ақ, үкімет пен әкімдерге су тасқыны мәселесі бойынша халықаралық тәжірибені, өзге елдердің еріген қар суын қалай игеретінін мұқият зерттеуді тапсырды. Суды ауыл шаруашылығы қажетіне жарату үшін жоспар әзірлеп, еріген қар суын елді мекендерден өзен арналарына немесе тоғандарға бұру жұмыстарын жүргізуі керек деді Президент. Ал әкімдер мен құзырлы министрлердің биылға су тасқынында әрекетсіздік танытқанын халық та, президент те көріп отыр.

Еске сала кетейік, демалыста өткен шұғыл жиында Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы уақытылы шара қабылдамағаны үшін вице-премьер Роман Склярға, Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовке қатаң сөгіс, Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының әкімдеріне қызметтік міндеттеріне толық сай келмеуіне байланысты ескерту берді. Ал Атырау, Ақмола, Алматы, Павлодар және Абай облыстарының әкімдеріне қатаң сөгіс жарияланды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.