Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖҰМАНҒАРИННІҢ 10 ПӘТЕРІ БАР МА?

c 20:40, 22/02/2023 c 142

0:00 / 0:00

Әлеуметтік желіде Премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің Ақтөбе қаласында 10 пәтері бар. Мұны ол пара түрінде алды деп айыптаған видео тарады. Үкімет отырысынан соң журналистердің сұрағына жауап берген вице-премьер Интернет-арна ұсынған ақпаратқа сүйенсек, бұл жала жабу және деректерді бұрмалау деді. Серік Жұманғарин Ақтөбеде сонша пәтері болғанын жоққа шығармады. Алайда, оларды сатып жіберген. Сондай-ақ бұл пәтерлердің вице-премьердің өз құрылыс компаниясы салғанын айтты. Бұл сонау 1999-2000 жылдар болатын деді Жұманғарин.

YouTube желісінде вице-премьер Серік Жұманғарин ондаған пәтер түрінде пара алғаны туралы бейнематериал тарады. Онда Ақтөбе қаласында Жұманғариннің жұбайының атында 9 пәтер және өзінің атында 1 пәтері бары айтылды. Журналистер үкіметтің дәлізінде бұл ақпарат шындыққа жанаса ма деген сұрақты вице-премьердің өзіне қойған еді. Жұманғарин интернет-арна ұсынған ақпаратты жала жабу және деректерді бұрмалау деп түсіндірді. Сөйтіп ол өмірбаянын айтты.

СЕРІК ЖҰМАНҒАРИН – ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ, САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРІ «Мен мемлекеттік қызметке 35 жасымнан кейін келдім. Ал оған дейін 90-жылдары, 2000 жылдардың ортасында өзім құрған бизнеспен айналыстым. Сөз болып отырған пәтерлер отбасымның бизнес құрылымдарына тиесілі. Бұл жерде бұрын Ақтөбеде біз сатып алған ескі орман шаруашылығы болған және 2007 жылы сол жерде тұрғын үй кешенінің құрылысы басталды. Өкінішке қарай, сәтсіз уақыт болатын, 2007 жыл, ипотекалық дағдарыс болды, онда үлкен қаржы жұмсалды, құрылысты тоқтатуға тура келді. 2011 жылы істі ретке келтіру үшін мемлекеттік қызметтен кетуіме тура келді. Компанияларды қайта құрылымдау, қарыздардан құтылу, соның ішінде осы үйлерді салу".

Вице-премьердің айтуынша, аталған пәтерлер салық жүктемесін азайту мақсатында әйелінің атына жазылған. Кейін 2007-2012 жылдардағы дағдарыс кезінде құрылыс созылып кетіп, бұл пәтерлер кейін өтпеді. Сол себепті салқы ауыртапшылығынан босату үшін бәрін жекеге өткіздік, Бұл жерде ешқандай криминал жоқ, - деді ол. Бірақ шенеунік Ақтөбедегі пәтерлерін сатып жіберіпті.

Ал өзіне қатысты жала жапқан интернет арнаны сотқа бермекші. Адвокаттары осы мәселемен айналысып жатқан көрінеді. Осылайша Жұманғарин отбасына, бизнесіне қатысты барлық мәлімет мемлекеттік қызметке келген сәттен бастап жарияланған деп ақталды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.