0:00 / 0:00
Президенттік сайлауға 44 күн қалды. Кандидаттарды ұсыну 11 қазанда аяқталады. Бүгінгі күні бізге мәлімі - 20 ұйым мен «Amanat», «Ақжол» және Қазақстан халықтары партиялары біріккен халықтық коалицияның атынан қазіргі Президент Қасым-Тоқаев сайлауға түседі. Сондай-ақ, Ауыл партиясы Жигули Дайрабаевтың, Аманат кәсіподақтар одағы Қажыкен Мейрамның, ал ЖСДП Нұрлан Әуесбаевтың кандидатурасын ұсынып отыр. Жұма күні үшінші болып Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан ұсынылған Нұрлан Әуесбаев президенттіке үміткер ретінде тіркелу үшін Орталық сайлау комиссиясына құжатын тапсырды. Ел басқаруға үмітті болып отырған Әуесбаев комиссияға құжат тапсырғанша әбден қобалжығанын айтады.
Не керек ОСК үміткердің құжатын қабылдап алды. Енді оны 2-3 күнде әбден тескеріп, жауабын айтады. Ал өздерін оппозициялық партиямыз деп санайтын ЖСДП кандидаты президенттік сайлауда 118 мыңнан көп дауыс жинайтынына сенімді.
Нұрлан Әуесбаев президенттікке жемқорлықпен және олигархиямен күресу үшін бара жатқанын, саясат пен экономикада әлеуметтік әділеттілікті жақтайтынын айтты. Еске сала кетейік, елімізде кезектен тыс президент сайлауы қарашаның 20-ы күні өтеді.