0:00 / 0:00
Мемлекет басшысының Қазақстан Халқына Жолдауы жарияланысымен үкімет пен Праламент екі қолын сыбана жұмысқа кірісіп жатыр. Ал қоғам жолдаудағы жаңашылдықтарды қызу талқылауда. Жолдауда айтылған бастамалар қалай жүзеге асырылады? Депутаттар мен саясаткерлердің пікірін білген едік.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауындағы көпшілік жаппай талқылап жатқан мәселе-Прзеиденттік сайлау болып отыр. Өздеріңізге мәлім, Тоқаевтың Президенттік мерзімі 2024 жылы аяқталады. Алайда, қазақ басшысы сайлауды мерзімінен бұрын өткізуді жөн санап отыр. Себебі Жаңа Қазақстанды дамыту үшін қолға алынып жатқан жоспарларды жүзеге асыру қажет. Ал ол уақыт күттірмейді дейді саясаттанушылар. Қазақстан тарихында Президенттіке бір мерзімде ғана сайлану болмаған. 30 жыл бойы бір ғана басшыға көзі үйренген қазақстандықтар үшін мемлекет басшылығына 7 жылға бір рет ғана сайланатыны күтпеген жаңалық болып отыр.
Бүгінгі Жолдаудан соң қалың ұйқыға кеткен біраз саяси партиялардың қайта оянатыны сөзсіз. Ал Әділет министрлігінің тіркеуінен өтіп үлгермеген саяси күштердің енді Парламент сайлауынан жолы болар. Тоқаев Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызын балалардың жеке есепшотына аударуды ұсынды. Оны тек 18 жасқа келгенде ғана қолданады. Ұлттық қордан түсетін түсімді бірқатар сарапшылар есептеп қойыпты. Ұлттық қордың бүгінгі жағдайында 18 жасқа дейінгі баланың есеп-шотына 4 мың доллар яғни 2 млн теңге қаражат түседі. Бұл соншалықты қомақты қаржы емес дейді экономистер. Депутаттар ол үшін қордың кірісін арттыру керек деп отыр.
Президент жолдауында экономиканы түбегейлі реформалау үшін мемлекеттік басқару жүйесіне серпіліс қажет деді. Болашақта Үкімет құрамына сайлаушылардың басым көпшілігінің дауысын алған саяси күштердің ғана емес, Парламенттегі басқа да партиялардың өкілдері кіруі мүмкін. Бұл жағдай келесі жылдың бірінші жартысында кезектен тыс өтетін Парламент сайлауынан соң орын алмақ. Депутаттар бүгінгі Смайылов үкіметінің құрамында саясаткер шенеунік жоқ дейді. Өз бетінше батыл шешім қабылдаймайтын министрлер жиналған.
Келесі жылы сайлаудан соң Парламентте саяси партиялардың саны артып, жаңа үкімет жасақталып, министрлер кабинетінде тек билік партиясының ғана емес, өзге де саяси күштердің өкілдері отыруы мүмкін. Мұндай тәжірибе батыс елдерінде кеңінен тараған.