Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жолдардың 34 пайызы ғана қанағаттарлық деп танылған

c 18:10, 12/04/2021 c 465

Облыс жолдарының 34 пайызы ғана жақсы және қанағаттарлық деп бағаланған. Мамандар алдағы бес жылда сапалы тас жолдардың көрсеткішін 75 пайызға дейін арттыруды көздеп отыр.

Жалпы БҚО-да 5000 шақырымнан астам жол бар. Оның тек 34 пайызы ғана жақсы және қанағаттарлық деп танылған. Бұл көрсеткіш республикадағы ең төмен көрсеткіш екені баршаға аян. Осы мыңдаған шақырымға тақтайдай жол салу үшін қомақты қаражат бөліп келеді. Десек те, шұрық тесік, асфальтталмаған жолдар көп.

Облыс орталығында қанағаттарлық деген жолдардың көрсеткіші 72 пайызды құрап отыр. Биыл көктемде 14 объекті, 22 шақырымдай тас жол жөнделмек. Әкімнің сөзіне сенсек, он жоба өткен жылы басталып, биыл аяқталуы керек екен. Бұл жұмыстар "Жұмыспен қамту" бағдарламасы аясында салынып аяқталуы тиіс. Ал қазіргі таңда қармен бірге еріп кеткен шұңқырларды бітеу жұмыстары басталды.

Облыстық әкімдікте өткен жиында жүк көліктерінің салмағын өлшеу мәселесі де талқыланды. Мамандар қазіргі таңда барлық жүк көліктерінің 10 пайызының ғана салмағын өлшей алатындығын айтады. Қалған көліктердің салмағын өлшеу үшін автоматтандырылған жүйені іске қосу керек. Бағдарламаны қосуға қыруар қаражат қажет. Жиында сөз алған облыс әкімі жақсы жүйені тауып, соны іске қосу бағытында жұмыстануды тапсырды.

Фото http://ernur.kz/ сайтынан жүктелді

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.