0:00 / 0:00
Бала қауіпсіздігі –басты мәселе. Бұл жайында ата-ана да, билік те айтып, жазып, тиісті заңдарды қабылдап жатыр. Бірақ біздің қоғамда бала қауіпсіздігіне қатысты қайғылы жағдайлар көп орын алуда. Балаларға жасалған зорлық-зомбылық деректері өршіп барады. Оның салдары бала өліміне әкеп соғуда. Ал қарапайым жол үстіндегі қауіпсіздікті сақтамаудың салдарынан да бала өлімі тіркелуде. Өкінішке қарай, халықпен жыл сайынғы ағарту жұмыстарын жүргізуге қарамастан балалардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін бір проблемаға – жол-көлік оқиғаларына тап боламыз. Ағамыдағы жылдағы көрсеткіш көңіл қоныштапйды. Жол-көлік оқиғасынан қаза тапқан балалардың саны 14, ал зардап шеккен балалардың саны 3 пайызға артты.
Өкінішке орай, ата-аналар тарапынан да балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтуда салғырттық таныту орын алуда. Көп жағдайда балалар ересектердің тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін зардап шегеді. Полицейлердің айтуынша, жол үстінде зардап шеккен балалардың жартысынан көбі жолаушылар, ал қалғаны жаяу жүргіншілер. Жаяу жүргіншілердің кесірінен орын алатын жол-көлік оқиғаларының негізгі себебі – белгіленбеген жерден жолды кесіп өту, жақындап қалған көліктің алдынан жүгіріп өту және бағдаршамның тыйым салу сигналына өту.
Жалпы елдегі криминогендік жағдайға тоқталсақ, өткен аптада 2 647 қылмыс жасалып, оның мыңнан астамы тәулік ішінде ашылды. Полиция бір аптада 10 кісі өлтіру фактісі тіркелгенін хабарлайды.