Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖЕР ҮШІН ӨМІРІН ҚИЯ ЖАЗДАДЫ

c 20:35, 24/04/2023 c 141

0:00 / 0:00

Елордада ер адам құрылыс кранына шығып, өзін өртеп жіберемін деп елді шулатты. Мәлім болғандай, мұнараға шығып алған Руслан Мұстафин есімді азамат Солтүстік Қазақстан облысында орналасқан колхоздың 220 гектар жер теліміне қатысты жер дауы бойынша сот шешіміне наразылығын осылай білдірмек болды. Оқиға орнына полиция мен құтқарушылар келіп, мұнара краны үстіне шығып кеткен азаматпен келіссөз жүргізіп, жерге түсуге көндірді. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметі де келді. Қоғамдық тәртіпті бұзған адамның әрекетінің себебі анықталып жатыр, нәтижесі бойынша құқықтық баға беріледі", - деп отыр полция.

Малым жанымның садақасы деп, жер үшін күрескен даулы істер көп өкінішке орай. Астанада биік құрылыс кранына шығып алып, өз отбасына тиесілі жердің латифундистердің қолына кеткенін айтып шағымданған Руслан Мұстафин есімді азамат, жер үшін өмірін қия жаздады.Ол өзін жерімді қайтрамас, өзін өртеп жіберемін деп мәлімдеді. Оның алдын-ала тараған мәлімдемесінде өз отбасына тиесілі жерден айрылып отырғаны айтылған. Солтүстік Қазақстан облысында орналасқан колхоздың 220 гектар жер теліміне қатысты жер дауы бойынша сот шешіміне наразылығын осылай білдірмек болды. 2002 жылы жер 2051 жылға дейін жеке кәсіпкерге жалға берілген. Ол отбасына табыстың 10 пайызын беруі керек еді, алайда кранға көтерілген адамның бауырының айтуынша, жалға алушы алғашқы күннен бастап өз міндеттерін атқарудан жалтарған. 2021 жылдың желтоқсанында отбасы әкімдік оларды жер теліміне құқығынан айырып, оны 30 жыл мерзімге сол жеке кәсіпкердің пайдалануына бергенін білген. Мұстафиндер отбасы сот шешімімен келіспейміз деп отыр. Бет-бейнесін көрсетуден бас тартқан туысының айтуынша.

«Бұл жер жергілікті ірі латифундистің қолына арендаға өтіп кеткен. Одан әрі жалға алып отырған кәсіпкер әкімдікпен бірлесіп, бұл жерді қолдануға жарамсыз деп таныған. Кейні жер қорына беріліп, қордан осы латифундиске өткен. Осылайша біздің жеріміз, өзгенің қоылна өтіп кетті»
Оқиға орнына полиция, жедел жәрдем мен құтқарушылар келіп жетті. Биік кранның басына шығып алып, жерге қатысты дау шешілмесе өзін өртеп жіберемін, "мен қоңырауларға жауап бермеймін, келіссөздерден бас тартамын", - деп мәлімдеген Руслан Мұстафинді құтқарушылар келіссіөз жүргізіп, жерге түсіріп алды.

АРМАН ҚҰЛТАЕВ – ҚҰТҚАРУШЫ «Ол келіссөзге дайын. Қазір оның мәселесін шешу керек шығар. Оның басты талабы сол- проблемасын шешіп берсін деп отыр. Ол есі дұрыс адам. Отбасы, баллары бар. Ол өз проблемасын осындай жолмен шешпекші болған»

Осылайша, Руслан Мұстафин аман-есен құтқарылды. Ал елорда полициясы қоғамдық тәртіпті бұзған адамның әрекетінің себебі анықталып жатыр, нәтижесі бойынша құқықтық баға беріледі", - деп отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.