Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖЕР БАЙЛЫҚТЫҢ КӨЗІ

c 09:14, 22/06/2023 c 169

0:00 / 0:00

Жерді заңсыз иемденіп алғандардың мәселесі қатаң бақылауда. Мыңдаған гектар жерді басып алып, байып отырғандардың заңсыз әрекеттері әшкерленіп 5 миллион гектар жер мемлекетке қайтарылды. Депутаттардың келтірген деректерінде бір ауылдың жерін заңсыз меншіктеп алған экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туғандарының аты тағы да аталды. Бүгін Мәжіліс «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жайылымдарды пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылап, қабылдады.

Жер мәселесі әлі де өзекті. Тәуелсіздік алған жылдардан бері мыңдаған гектар жер заңсыз иеленіп, нәтижесінде қазір аулы халқы қолда барын малын жаятын жайылымға зәру болып қалды. Өткен жылы игерусіз жатқан, заңсыз рәсімделген жерлерді тексреу барысында 5 миллион гектар алқап мемлекет меншігіне қайтарылды. Жайылымдарды пайдалану заңнамасында басты жаңалық - «қоғамдық жайылым» деген ұғымды енгізілді. Енді жемқорлыққа белшесінен батқан әкімдер қоғамдық жайылымды жерлерді ығай-сығайларға бере алмайды. Қоғамдық жерді сол ауылдың жұрты пайдалантын болады. «Жер аманаты» республикалық комиссиясы экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаевтың әулеті заңсыз басып алған 9 мың гектар жердің 6 500 гектарын мемлекеттік меншігіне қайтарған.

Ауыл шаруашылық вице-министрі Әбілхайыр Тамабек заң бәріне бірдей. Заңсыз иеленген жерлерді тартып алуда жеке тұлғаның лауазымына қарамаймыз деп отыр.
Аталмыш заң жобасы аясында жайылымды жерлерді егістік жерлерге айналдыруға болмайды. Сондай-ақ әкімдер жайылымды жерлерді резервке қоюға міндеттеледі. Депутаттар жайылымды жерлерді кооперативтерге береміз және кооперативтерді қолдаймыз деп отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.