0:00 / 0:00
Жер мен жер асты байлығы халыққа тиесілі, ал оны мемлекет басқаратын болады. Әділет министрі Қанат Мусин халықпен өткен кездесуінде референдум арқылы Ата заңға енгізілген осы норманың мақсатын түсіндіруге тырысты.
Бүгінде шетелдік инвесторлар еліміздегі кенорындарын басып алған. Жер астынан өндіріліп жатқан байлықтың қызығын шетелдік компаниялар көріп жатыр. Референдум арқылы Ата заңға енгізілген өзгеріс бойынша жер мен жер астындағы пайдалы қазбалар халыққа тиесілі. Қазақстандықтарға жер байлығынан қандай пайда түседі? Мысалы, Норвегияда мұнай-газ кірісінен әрбір азаматтың есеп-шотында 100 мың доллар түседі. Заңгерлердің пікірінше, әр азамат жердің пайдалы қазбаларын өз бетінше пайдаланатын болса бұл-заңсыздыққа әкеп соғады. Сондықтан оны мемлекет басқарғаны жөн.Әділет министрі болса жер байлығы халықтікі деген ұғымды дұрыс түсіну керек дейді.
Айтпақшы жаңа Қазақстанда саяси партиялардың белсенді боулына мүмкіндік беріледі дегенді. Партия мүшелерінің саны қысқарады. Президент пен әкімдер және министрлерге партия мүшесі болуға болмайды. Саяси партиялар туралы заң жобасы парламентке енгізілген. Күзде құжат қабылданса, партиялардың тіркелуі әлдеқайда жеңілдейді. Алдағы сайлауда Парламентке келетін саяси күштердің саны артуы мүмкін. Ал оған жету үшін әділет министрлігіне тіркелуге ниет білдірген 17 партия бар екен. Бірақ министрліктің сүзгісінен өту оңайға түсіп жатқан жоқ.
Ал әділдік іздеп сот алдына жүгінген халықтың жан-айқайына назар аударатын Конституциялық сот қандай болмақ? Бұл да Ата заңға енгізілген өзгерістердің бірі. Сол Конституциялық соттың құрамы қалай тағайындалады деген сұрақ министрмен кездесуге келгендерді мазалап отыр. Қоғам белсенділері Конституциялық сот мүшелерінің тізімі ашық жариялануы керек деген пікірде.