Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«ЖЕР АСТЫ БАЙЛЫҒЫ - ХАЛЫҚТЫҢ ЕНШІСІ»

c 03:57, 18/11/2023 c 105

0:00 / 0:00

Қазақстанның жер асты байлығы бүгінде шетелдік алпауыт компаниялардың қолында десек артық емес. Тәуелсіздік алған жылдары мұнай мен газдан бастап, барлық кен орындарын игеруге шетелдік ірі компаниялар тартылды. Алайда, әу баста жасасқан келісімшарттарда Қазақстанның үлесі теңізге тамған тамшыдай дейді депутаттар. Ата заңға енгізілген өзгерістің бірі-жер қойнауындағы байлық халыққа тиесілі деген. Осы норманы жүзеге асыру мақсатында мәжілісмендер Қазақтанның жер асты байлығын пайдаланушыларға қойылатын талаптарды өзгертіп отыр. Айта кету керек бұл болашақта пайдалантылатын жер қойнауларына қатысты мәселе.

Геологиялық іздеу, барлау жұмыстарының уақыты қысқартылады. Бұрғылау жұмыстарының міндетті жұмыс көлемі объективті себептерге қарамастан орындалмаған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушыға айыппұл салынатын. Басты жаңалық- Қазақстаннның қазба байлығынан түсетін пайданың қомақты үлесі өзімізге тиесілі болады. Ұлттық Қорға және бюджетке түсетін түсімдер арқылы халқымыздың әл-ауқатын көтеретін әлеуметтік және экономикалық жобаларды іске асыруға мүмкіндік аламыз дейді депутат. Қазақстанның үлесін 50 пайзыға жеткізу көзделген бұл құжатта.

Бұл жағымды өзгерістердің барлығы аманаттық депутат айтқандай болашақтың еншісіндегі мәселе. Ал ақжолдық депутаттар қазіргі келісімшартты бұзып, Қазақстанның үлесін 51 пайызға жеткізуді талап еткен еді. Қазыбек Иса үкіметтен болашақты күтпей, қазір жерасты байлығымызды игеріп, пайдаға кенеліп жатқан шетелдік компаниялармен өнімді бөліп төлеу келісімшартын қайта қарауды сұрағанды.

Мысалы, Қашағандағы мұнайдан мемлекетке тиетіні 2 пайызды ғана құрайды. Бұл халқымызға қатысты жасалып отырған әділетсіздік. Өнімді бөлу келісімдерін заңсыз деп тану керек дейді ақжолдықтар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.