Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ 80 % МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДА»

c 19:04, 20/06 c 20

0:00 / 0:00

Transparency International ұйымының зерттеуіне сүйенсек, Қазақстан жемқорлық кең етек жайған 180 елдің ішінде 93 орынға жайғасқан. Бұл 2023 жылдың көрсеткіші. Осылайша жемқорлық жайлаған елдер қатарында қалып отырмыз. Қазына қаржысын қармап қалғысы келетін жемқорлар мемлекеттік сатып алу саласында ашкөздік танытып отыр. Сенат төрағасының айтуынша, жемқорлықтың 80 пайызы осы салада.

МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ – ҚР ПАРЛАМЕНТ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ «Статистикалық деректерді сараптау аясында еліміздегі жемқорлық құқық бұзушылықтардың 80 пайызы мемлекеттік сатып алумен байланысты екенін көріп отырмыз. Осыған орай, мұндай құқық бұзушылықтарды қысқарту үшін іс біткен соң емес, алдын алу үшін жұмыс істейтін мониторинг жүйесі, бақылау жүйесі қажет. Егер депутаттар қолдап жатса, онда бұл.  Заң сондай жүйені құруға септігін тигізеді деп ойлаймын»

Сенаторлар талқылаған «Мемлекеттiк сатып алу туралы» заңнама сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға, шамадан тыс регламенттеуді болдырмауға, сатып алу рәсімдерін одан әрі автоматтандыруға және оңайлатуға, сатып алу бойынша бірыңғай платформа құруға бағытталған. Қаржы вице-министрі мемлекеттік сатып алу саласында жемқорлықтың көш бастап тұрғанын мойындап отыр.

Мемлекеттік сатып алулар барлық салада өткізіледі. Бұл білімге, денсаулыққа тізе берсек халықтың бар қажетін қамтитын салаға бөлінетін қаржы. Ал бюджеттің қаражатын бөлуге келгенде оған қатысушылар жемқорлыққа жол беріп жататын деректері көп. Миллиондаған келісім шарттар жасалады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.