Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖЕМҚОРЛЫҚ ЖҮЙЕГЕ АЙНАЛДЫ

c 09:09, 10/12/2021 c 2067

0:00 / 0:00

Қазақстанда сыбайлас жемқорлық проблемасы күн тәртібінен түспей қойды. Ағымдағы жылдың өзінде сыбайлас жемқорлық жасаған 1 280 адамның қылмысы ашылды. Оның 159-ы әртүрлі деңгейдегі басшылар. Еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжановтың айтуынша, 11 айдың қорытындысы бойынша республикада 1 576 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелді. Оның көбісі Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Түркістан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында орын алған.
Ауыл шаруашылығы, білім, тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік қамтамасыз ету және денсаулық сақтау саларында жемқорлық фактісі жиі тіркеліп отыр.Бұл жайында ол елордада өткен баспасөз маслихатында айтқан еді.

Қазақстан әлем бойынша жемқорлық кең етек жайған елдер қатарында. 180 елдің ішінде 113 болып тұрмыз. Бұл жағымсыз рейтингте болмау үшін лауазымды тұлғалардың аулағаннан нәтиже шықпай отыр. Сыбайлас жемқорлық схемалары күрделі және жүйелі бола түсті. Басқаша айтқанда, бюрократиялық кедергілер әдейі жасалады, ережелер заңсыз баю мақсатында күрделене түседі. Елде жемқорық жүйеге айналған дейді агенттік басшысы Ахметжанов. Тек осы жылдың өзінде 1,5 мыңнан аса сыбайлас жемқорлық фактісі тіркеліп отыр.

Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Түркістан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында жемқорлық көп орын алып отыр.Ауыл шаруашылығы, білім, тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік қамтамасыз ету және денсаулық сақтау салары жемқорлыққа бейім болып тұр. Марат Ахметжанов, енді жемқорлықпен күрес агенттігі қылмыскерлерді аулағаннан гөрі, жүйеленіп кеткен құбылыстың алдын алуға көшті дейді. Яғни жемқорлықпен күрес жұмысы өзгермек.

Баспасөз маслихаты барысында аты шулы "Астана LRT" жобасына бөлінген қаражатты жымқырған
компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ардан мен Нұр-Сұлтан (Астана) әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбековті іздестіру жүріп жатры ма деген сауал қойылды. Себебі, бұған дейін мәжіліс депутаттары LRT ісі бойынша айыпталып жатқан бұл екі тұлғаның халықаралық іздеуде екеніне күмән келтірген еді. Депутаттар күдіктілердің туыстары Нью-Йоркте тыныш өмір сүріп жатқанын айтып, Интерпол тізімінде олардың мәліметі жоқ деген болатын. Алайда, агенттік басшысы Ардан мен Сұлтанбеков Интерполдың іздеуінде деді.

Елорданың көркін бұзып тұрған, халық аузында «жемқолық ескерткіші» деп аталып кеткен LRT құрылысы 2019 жылдың аяғында аяқталып, 2020 жылдың жазында іске қосылуы керектін. Ұзындығы 22,4 шақырым болатын жобаға 1 миллиард 887 миллион доллар қаражат бөлінгенді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.