Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖЕМҚОРЛАР ЖАЗАДАН ҚАЛАЙ ҚҰТЫЛЫП ЖАТЫР?

c 22:04, 27/10/2023 c 77

0:00 / 0:00

Сотты болған олигарх Қайрат Боранбаевтың бостандыққа қашан шығатыны мәлім болды. Еске сала кетейік, Қайрат Боранбаев, Роман Наханов және Тайыр Жанұзақ “газды импорттауға жұмсалған қаражатты жымқырды” деген айыппен кінәлі деп танылып,сотталды. Назарбаевтың құдасы Боранбаев 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда ол терегумен келісімге келіп, бостандығы үшін жиған-терген мүмкін ұрлаған байлығының бір бөлігін беруге дайын екенін атйқанды. Осылайша Қаржы мониторинг агенттігінің мәліметінше, ірі кәсіпкер Қайрат Боранбаев мемлекетке 90 млрд теңге қайтарды. Содан кейін Боранбаевтың мүлкін мемлекетке қайтару шаралары қабылданып, жалпы құны 1,4 млрд теңгеден асатын «Comfort Hotel Astana» қонақ үй кешені мемлекет меншігіне өтті. Олигарх мұнымен қоса мемлекетке 30 млрд теңгені қайтарды. Қазан айынды мемлекет кірісіне жалпы құны 33,75 млрд теңге болатын кеңсе, сауда және ойын-сауық кешені, сондай-ақ сауықтыру және фитнес желісі өтті. 19 қазан күні Боранбаев өзінің кен орнын, компаниясын және зауытын мемлекет меншігіне бере салды. Өткен аптада Қайрат Боранбаевтың арызы қанағаттандырылып, түрмеден босатылып, пробациялық бақылауға алынатыны хабарланған болатын. Осылайша Боранбаев жазасының үштен бір бөлігін өтеп, босап шықпақ. Олигарх бір аптадан соң бостандықпен қауышуы мүмкін.

Тілшілердің мазалаған тағы бір сұрақ - жемқорлар неге жазадан оңай құтылып жатыр? мемлекетке орасан зор шығын келтірген Қайрат Боранбаев бостандығын сатып алса, қаңтар оқиғасынан кейін қамалып, алты жылға сотталған экс-президенттің інісі Қайрат Сатыбалдының да бостандықты сатып алуы әбден мүмкін ғой. Еске салайық, Қайрат Сатыбалдыұлы «Қазақтелеком» АҚ мен «Көліктік сервис орталығы» АҚ қаражатын аса ірі көлемде ұрлау фактілері бойынша сотты болды. Алайда, прокурор Шындалиев жазаның өтелмеген мерзімін неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру шаралары террорлық қылмыстық, жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстарға қолданылмайды. Елімізде мерзімінен бұрын босату, 2020 жылдан бастап жемқорларға толықтай қолданылмайды деді. Ал жақында ғана екі айға қамауға алынған әділет экс-министрі Марат Бекетаев қашып бара жатқан жерінде, әуежайда ұсталыпты.

ӘСЕТ ШЫНДАЛИЕВ – ҚР БАС ПРОКУРОРДЫҢ ОРЫНБАСАРЫ "Қылмыстық іс лауазымды өкілеттігін асыра пайдалану бойынша қозғалды. Мемлекетке аса ауыр көлемде шығын келтірілді. Бекетаев жасырынбақ болған кезінде ұсталды. Қалған мәлімет тергеуге байланысты жария етілмейді"

Бас прокурордың орынбасары бөліскен тағы бір ақпарат – заңсыз шығарылған актвитердің қайтару жұмысы жалғасуда. Бүгінгі күні елге қайтарылған қаржы көлемі – 900 млрд теңгені құрайды.

Еске сала кетейік, 30 жыл бойы елден ұрланып, сыртқа шығарылған заңсыз капиталдың көлемі 200 миллиард долларды құрайды деген ақпарат бар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.