Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жемқорлар мерзімінен бұрын босап шыға алмайды

c 10:01, 21/12/2020 c 814

0:00 / 0:00

Сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша сотталғандар енді мерзімінен бұрын шартты түрде түрмеден босап шыға алмайды. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған заң осыны көздейді. Айта кету керек, жемқорларды мерзімінен бұрын босатуға тиым салуды «Ақ жол» партиясы өткен жылдың мамыр айында көтерген болатын. Қазақстаннан шығарылған оффшордағы миллиардтарды елге қайтару, жемқорлық үшін сотталғандардың жазасын қатаңдату мәселесін аталмыш партия үнемі көтеріп жүр.

Президент бірнеше заңға қол қойды.  Оның ішінде қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша  Заңдар бар. Мысалы, Қылмыстық кодекске құқық қорғау органдарының қызметкерлерін, судьяларды, пара берушілерді, парақорлыққа, сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасауға делдалдарды жазалауды қатайту енгізілді. Бұдан басқа, ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталғандарды мерзімінен бұрын шартты түрде босатуға тиым салынды. Айта кету керек, жемқорларды мерзімінен бұрын босатпауды «Ақ жол» партиясы бір жыл бұрын көтерген болатын.

Азат Перуашев – ҚР парламент мәжілісінің депутаты «Жемқорлар ұрлаған ақшасын оффшорға шығарып, сотталып жатса да бір жылдан соң шартты түрде босап шығып жатады. Сосын түк болмағандай ұрлықпен жиған байлығының рахатын көріп жатады. Еуропа елдері, тіпті Белоруссия заңдарын қатаңдатып тастаған. Осылайша біздің елде ғана қазына ақшасын уыстап жымқырғандар үн-түнсіз бостандықта жүреді. Ақжол жемқорларды гуманизация деген сылтаумен қорғағанды қою керек деп санайды»

Перуашевтің өткен жылғы депутаттық сауалында Қылмыстық кодекстен жемқорлық үшін сотталғандарды мерзімінен бұрын түрмеден босату нормасын алып тастау. Жазасын өтеп шыққан күннің өзінде ұрлаған ақшаны қазынаға толық қайтармай, елден шығаруға тиым салу ұсынылғанды. Тәуелсіздіктің 30 жылында 160 миллиард доллардан астам қаржы оффшорға шығарылған. Ақ жолдықтар өздерінің бұл ұсынысы Президент қол қойған заңда көрініс тапқанын қолдап отыр. Елде тамыры тереңге кеткен сыбайлас-жемқорлықпен күрес мақсатында, шенеуніктерге, депутаттар мен судьяларға шетелде есеп-шоттар ұстауға тиым салынға норма да бар. Алайда, олардың жұбайларына, кәмелет жасқа толмаған балаларына бұл тиымның қатысы жоқ. Сондықтан сарапшылар, бұл норманың тиімді болатынына күман тудырып отыр. Себебі, жемқор лауазымды тұлға әйелінің, не баласының атына шетелде шот ашып, заңсыз әрекетін жасай беруі мүмкін.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.